Экономика | Банктiк қызмет көрсету (төлем айналымына жәрдемдесетiн шарттар)

КІРІСПЕ
Ақылы шарттардың көбiсi бойынша затты бергенi, жұмысты атқарғаны, қызмет көрсеткенi ушiн жауап ретiнде екiншi тараптың ақша төлеу жөнiндегi мiндетi туындайды. Көп жағдайда олар жоғарыда аталған мақсаттарға немесе несиелеу ушiн жеке, заңды тұлғалармен берiлетiн ақша қаражаттарын ауыстырумен айналы-сатын банктер, арнайы коммерциялық ұйымдар арқылы жузеге асырылады, кейбiр жағдайларда несиелеумен тiкелей банктер айналысады. Осы кезде бiрқатар құқықтық қатынастар туындайды, оларды жалпы турде екi топќа бөлуге болады: 1) есеп айырысу құқықтық қатынастары; 2) несиелiк құқықтық қатынастар. Олар өзара тығыз байланысты, сатып алу-сату, мулiктi жалға алу, мердiгерлiк, комиссия және т.б. шарттардан туындайтын басқа да ақша мiндеттемелерiн жузеге асыру сияқты, екiншiден бiрiншiсiнсiз жузеге асыру тәжiрибе жузiнде техникалық жағынан мүмкiн емес болады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері


КІРІСПЕ
Бірінші бөлімде Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы туралы айтылады. Оның даму жолдары және кез келген қоғамда неге қажет екендігі, оның экономикалық мазмұны жәйлі де жан жақты әңгіме болады. Қазақстан экономикасының дағдарысы жағдайында толыққанды бағалы қағаздар нарығы болуы мүмкін емес. Бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі көп жағдайда халықтың әл-ауқатына байланысты. Себебі бағалы қағаздарға сұраныс халықтың әл ауқатын айқындайды. Сондықтан халықтың табысының өсуі – Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының дамуының басты шарты.
Екінші бөлімде түгелімен бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлеріне байланысты сауалдарды қамтиды. Бағалы қағаздардың бір ерекшелігі ретінде олардың мүліктік сипатын айтуға болады. Яғни бағалы қағаздар міндетті түрде оның ұстаушының қалайда бір мүлікке құқылы екендігін куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқада да белгілеулердің жиынтығы. ....
Курстық жұмыстар
Толық