Тарих | Алдыңғы Азиядағы мамлюктер

Мәмлүк сөзі ислам тарихында үлкен рөл ойнаған "ақ құлдарға" - қатысты айтылатын сөз болып табылады. Мәмлүк сөзі араб тілінде "мамлук" - иеліктегі деген мағынаны білдіреді. Бастапқы кезде бұл-сөз "абд мамлук" деген тіркестегі "иеліктегі құл" деген мағынаны білдірсе, уақыт өте келе "мәмлук" сөзі субстантивтеніп, "абд" - құл сөзіне қарама-қарсы тек әскери мақсаттарға пайдаланылатын құлдарға қатысты айтылатын терминге, одан соң осы мәмлүктердің мемлекеттік құрылымдағы әлеуметтік орындарының жоғарылауына байланысты ресми титулға айналған. Мысалы, сұлтан Бейбарыстың хатшысы Ибн Абдузахир шығармаларында өзін "кіші мәмлүк" деп көрсетеді. Құлдан туған ғана құл саналған, ал мәмлүк азат жанұяда өмірге келіп, кейіннен тұтқынға түскен немесе жастай құл базарында сатылған адам. Мәмлүк сөзін сұлтандар да өздерінің титулдарына қосып жазатын болған. "Малака" иелену, билеу деген етістіктің есімше формасы. Мәлік, мүлк, мемлекет деген сөздер де осы түбірден өрбиді. (1)....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Америка Құрама Штаттарындағы либералдық саяси ағымдар

Америка Құрама Штаттарында әлеуметтік – саяси тарихында қоғамдық – саяси құрылым және құқық мәселелері бойынша идеялық пікір таластардың өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталатын екі кезеңді аңғаруға болады. Оның алғашқы кезеңі ХVІІІ ғасырдың басынан бастап ХІХ ғасырдың ортасына дейін созылған отар қоныстардың метрополияға бағыныштылығымен сипатталса, екінші кезеңі тәуелсіздік үшін күреспен айқындалып, ХІХ ғасырдың екінші жартысын қамтиды. ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында өздерін штаттар (яеғни мемлекеттер) деп атаған колониялар мен метрополиялар арасындағы шиеленіс салық салу мәселесіне байланысты күшейе түсті. Көптеген публицистер (Д.Адамс, Т. Джефферсон, А. Гамильтон және тағыда басқалары) өздерінің саяси памфлеттерінде барлық отар иеліктеріндегі қоныстанушылар заң шығарушы жиналыста өз өкілдерінің болуы керектігін, өзін-өзі басқару принципін ұстану қажеттігін айтып, отаршылардың саяси талаптарын табиғи-құқықтық негізбен байланыстырды. Азаматтардың табиғи құқығы мен бостандығы туралы бұл ой тек публицистикада (көсемсөзде) ғана емес саяси және конституциялық құжаттарда да мойындалды: Виргиния штаты құқықтарының Деклорациясы (Дж. Мейсон және Дж. Мэдисон, 12 маусым 1776 жыл) және Тәуелсіздік Деклорациясы (Т. Джефферсон, Б. Франклин, Дж. Адамс, 4 шілде 1776 жыл). Тәуелсіздік Деклорациясын 13 штат бірауыздан қабылдады. Табиғи құқық теориясының идеяларын талдау барысында халықтың саяси таңдауы мен дербес өмір сүру құқығының және халық егеменділігінің конституциялық принциптері жарияланды. Теориялық жаңашылдықтың тағы бір маңызды нәтижесі биліктің бөлінісі принципін нақтылау болды. Тәуелсіздік үшін күрес тұсында (1775-1783) штаттардың Конфедерациясы құрылды. Алайда соғыс аяқталысымен штаттардың одағын нығайту және тиімді федералды үкімет құру қажеттілігі туындады. Осы міндетті атқару үшін 1787 жылдың мамыр айында конституциялық Конвент құрылды. Ол барлық сословиелік артықшылықтар мен дворяндық титулдарды жойып, республикалық құрылысты бекітетін, ажыратылған үш билік жүйесін енгізетін федералдық Конституцияның жобасын дайындап щығарды. 1803 жылы Жоғарғы сот өзінің конституциялық бақылау құқығын бекіткеннен кейін американдық революцияның барлық негізгі кезеңдері (тәуелсіздік үшін күрес, жаңа мелекеттік құрылымды қалыптастыру және оны өмірге енгізу) толығымен аяқталды....
Курстық жұмыстар
Толық