Дінтану | Ислам діні

Қазақстанның кеңестiк мектептерiнде коммунистiк идеологияның нұсқауымен дiннiң адамзат тарихындағы рөлi терiс түсiндiрiлдi. Дiн – адам санасын ұлайтын, жаңалыққа, ғылымға қарсы, барлық өзгерiстердiң, табыстардың бәрiн Құдай жасап отыр деп түсiндiретiн, нағыз керiтартпа,үстем таптың жоғын жоқтаушы, соның сойылын соғушы деген сипатта оқытылып, дiннiң қызметiне терiс баға берiлдi. Осының салдарынан Кеңес елi халықтарының, соның iшiнде Қазақстан халықтарының да бiрнеше ұрпағы атеистiк (дiнге қарсы) рухта тәрбиеленедi. Қазiргi кездегi елiмiз халықтары арасында адамгершiлiкке кереғар өрескел тәртiпсiздiктердiң: түрлi бұзақылықтардың, әсiресе, ұрлықтың, зорлықтың, нашақорлықтың, араққұмарлықтың, жезөкшелiктiң көбеюiне сол дiнсiздiк тәрбиесiнiң әсер еткенi сөзсiз.
Ал, шындығына келсек, дiн алғаш пайда болғаннан бастап, халықпен бiрге өмiр сүрдi, оған көптеген пайдалы қызметтер атқарды. Қай дiн болсын халықты адалдыққа, адамгершiлiкке, имандылыққа, татулыққа, шыдамдылыққа, еңбекқорлыққа, достыққа шақырды, халықтың сауатын ашуға, мәдениетiн көтеруге елеулi үлес қосты.
Бұл айтылғандарға ислам дiнi мысал бола алады. Ислам қазақ тарихында үнемi өркендетушi рөл атқарған. Ислам–жеке адам мен қоғамды түзететiн, әлеуметтiк бақытқа, шынайы бостандыққа және бiрлiк-татулыққа жеткiзетiн құрал, iзгi жол, даналық. Осыны түсiнiп бағалай бiлген Жүсiп Баласағұн ХI ғасырдың өзiнде ислам руханиятын «Құтты бiлiк» деп атап, оның мемлекетке зор пайдасы бар екендiгiн дәлелдеген.
Тарихта барлық дiн пайда болғаннан бастап, оны шын мәнiнде уағыздаушылармен қатар жалған дiндi (эрзац-дiн) таратушылар да болған. Бұған өткен уақыттардан да, қазiргi уақыттардан да мысал келтiре аламыз, ондайларды екi топқа бөлуге болады. Бiрiншiсi, әдейi бұрмалаушылар, ал екiншiлерi бiлiмi таяздықтан, надандықтан бұрмалаушылар ....
Курстық жұмыстар
Толық

Дінтану | АЙМАҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ДІНИ ЭКСТРЕМИЗММЕН КҮРЕС

Бүгінде діни экстремизм және терроризм мәселесі жаһандық қатерге айналып отыр. Менің осы тақырыпты таңдауда басты назар аударған нәрсе – қазіргі бүкіл әлемде болып жатқан жарылыстар, қантөгістер, оның ішіндегі Ирактағы, Таяу Шығыстағы болып жатқан қорқынышты террактілермен жарылыстар. Мен бұл тақырыпты зерттеу барысында, экстремистер кімдер? Мен ұйымдар бұрыннан болғанба? Экстремистер Әлемге және де біздің қоғамымыз үшін қаншалықты қатерлі деген сұрақтарға жауап іздедім.
Қазіргі адамзат қоғамының негізгі ерекшелігі әлем мемлекеттерінің өзара жақындасуы барлық мемлекеттер үшін өркениет стандарттары қалай ортақ болса, қайшылықтар мен қауіптер ле сонша ортақ. Адамзатқа ортақ кауіптердің қатарына экстремизм келіп қосылды. «Фундаментализм», «Экстрремизм» ұғымдары, біздіңше, біріне-бірі жақын ұғымдар, ал терроризм оның асқынған көрінісі. Терроризмге жалпы қауіп төндіру, әрекеті көпшілік алдында іске асыру, әлеуметтік деңгейде саналы түрде шиеленісті үрейлі жағдайды қалыптастыру, қайсы бір талаптарды қанағаттандыру мақсатында белгілі бір адамдарға ықпал ету тән. Терроризмнің басты ерекшелігі – оның шекарасынының болмауы және күтпеген сәтте, күтпеген жерде іске асуы. Қазір әлемнің көпшілік мемлекеттері терроризмге қарсы күресте үлкен қаржы жұмсауға мәжбүр. Алайда террористік әрекеттер көбею үстіне көбеюде. Терроризмнің қәзіргі заманда қандайда болмасын мемлекеттің бейбіт өміріне кауіп төндіре алатын аса үлкен кауіпке айналуының түрлі саяси-әлеуметтік, экономикалық алғышарттары бар. Біздің пікірімізше терроризмге пайда болуының негізгі тамыры әлемдік катынастар тәртібіндегі теңдік бұзылуына байланысты. Әлемдік әділетсіздік оған қарсы әділетсіз жауапты тудыруда. Себебі әлемдік державалар АҚШ, Ресей, Германия, Франция, Ұлыбритания, Қытай, Жапония тағы басқа мелекеттер үнемі әлемдік басымдылыққа ұмтылған ұазірде ұмтылуда, келешекте де ұмтылад....
Курстық жұмыстар
Толық