Спорт | "Медеу"

Кіріспе
2.1 «Медеу»
Медеу қысқы спорт түрінің ең биік және ірі спорт кешені болып табылады, мұз айдынының алаңы 10,5 шаршы метрді алып жатыр. Мұнда 170 әлемдік рекордт жасалған, сондықтан да ол спорт кешендерінің көшін бастауда.
Оның алғашқы кезенінің құрылысы 1949 жылдың күз айында басталған болатын, ал 1951 жылдың 4-6 ақпанында мұнда алғашқы ресми жарыстар өте бастады.
2003 жылы биік тау спорт кешені толық қайта жарақтанудан өтті, болашақта жабық шатыр жасау жоспарлануда.
«Медеу» тәкаппарлығымен кәсіби спортшыларды, жалпы әлемнің әр түпкіріндегі табиғат сүюшілерді өзіне көптеп тартуда. Аспантаулар аясындағы әсем «Медеу» ғасырларға жалғасқан мәңгілік жасыл шыршалар арасындағы мұз аралы іспетті. Мұнда саф таза ауаны, таулы Арктиканың суық лебін сезгендей боласың.
«Медеу» неліктен әлемдік рекродттардың ошағына айналып отыр? Ғалымдардың жорамалы бойынша мұз айдыны астында терең жер асты өзені бар айналымға орналасқан. Айналымда үлкен соленоид, бағыттаушы алаң бар. Демек, мұз сырты суықтан қабыршақтанған кезде, кристаллдар белгілі бағытқа қарай бұрылады. Мұздың екінші рет қабыршақтануы 17-20 минут аралығында емес, 12 минутте - ақ жүзеге асады. Мүмкін, конькилер осы қабыршақтардың қабырғалары бойынша сырғанайтын болар. Жылдамдықтың сыры, міне осында жатыр! Ғалымдар сандық сиқырды да байқаған: Медеу теңіз деңгейінен 1700 метр биіктікке орналасқан, ал мұндағы «ең жылдам» мұз нөлден 1,7 градус төмен температурада пайда болады екен. Айдындағы ең сапалы мұз - күннің шығуына және батуына жарты сағат қалған кезеңдер. Мұнда Жер айналуының, космостық және күн сәулелерінің де өзара ықпалы айтарлықтай рөл атқарса керек
2.2 Қаржы тапшылығынан жастарды баулу үзіліп қалуы....
Курстық жұмыстар
Толық