Саясаттану | Қазақстан Республикасындағы демографиялық үрдістері

Қазіргі өтпелі кезеңде Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдай табиғи өсудің күрт кеміп, сыртқы миграцияның артуы мен жекелеген аумақтардағы еңбек нарқында жұмыс күшінің жетіспеуімен немесе керісінше жұмыссыздықтың белең алуы мен ерекшеленеді.
Еліміздің аумағында 120 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұратындықтан демографиялық жағдай тереңнен жан-жақты ойланып шешуді қажет ететін түйінді мәселелердің бірі болып қалуда. /1/
Тақырыптың өзектілігі: Бітіру жұмысы Қазақстан Республикасындағы халықтың табиғи өсуін, жастық-жыныстық құрамын еңбек қорларын тиімді пайдалану мәселелерін ашып көрсетуімен өзекті.
Бітіру жұмысының мақсаты:
- демографиялық үрдістерді зерттеудің экономикалық және әлеуметтік географиялық негіздерін анықтау;
- Қазақстан халқының өсу динамикасы мен қазіргі кезеңдегі түйінді мәселелеріне талдау жасау;
- еліміздегі демографиялық үрдістердің даму болашағы мен оған әсер ететін факторларды айқындау. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Ұлыбританияның саяси кеңістігіндегі М Тэтчердің атқарған саяси қызметтері

Тақырыптың өзектілігі. Британ тарихындағы әйел затынан шыққан саяси қайраткерлердің бірінен саналатын, Маргарет Тэтчер есімі, әлем тарихының жадында мәңгі сақталады. М.Тэтчер дүниедегі ең озық саяси идеологиялардың негізін салушы болып табылады. Ол тарихта «тэтчеризм» деген атпен қалды. Бұл саяси идеология Британияда бірқатар әлеуметтік, экономикалық, саяси құрлыстар барысында реформалар жүргізді. Тарихқа терең үңілер болсақ, Маргарет секілді Британ тарихында терең саяси-әлеуметтік экономикалық реформалар жүргізген әйел затынан шыққан қайраткерлер аз болмаған. Мысалы: Елизавета, Виктория ханшайымдардың есімі тарихта мәңгі ұмытылмастай сақталып қалды. М. Тэтчер де сол есімдердің ішінен өз ерекшелігі, құндылығы бар дара есім болып саналады. М.Тэтчер және «тэтчеризм» атауларына қатысты Ұлыбританияда көптеген түбегейлі бет-бұрыстар жасалынды. Бұл туралы бүгінгі таңда да өз бағасын алып, талқыланып келеді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық