Есеп және аудит | Мекемеде еңбекақы төлеу механизмін жетілдіру жолдары

Нарықтық экономика, сонымен қатар қазіргі таңдағы кәсіпорын жұмысының нәтижелілігін анықтайтын экономикалық механизмдердің бірі - еңбекті мөлшерлеу, еңбек нарығын зерттеу, еңбек ақыны және оның рөлін жоғарылату объективті қажеттілік болып табылады. Жұмыс берушілердің кәсіпорынның негізгі қызметінен алынған табысы мен жалданбалы жұмысшылардың жалақысы шығарылған өнімінің өтіміне, оның бағасына және өзіндік құнына байланысты, былайша айтқанда, рынок тауарларының көбеюіне, сұрыпталымының ұлғаюына, тұтынушылардың сұранысына және олардың сапасы мен бағалылығына байланысты. Оған еңбекті мөлшерлеу механизмдерін дұрыс басқару және оны дұрыс қолдану арқылы жетуге болады. Сонымен еңбекті мөлшерлеудің басты міндеті өнімнің өлшем бірлігінің нақты жұмысты орындауға кететін уакыт шығынын нормативті негіздеу.
Тәжірибе көрсеткендей, еңбек шығындары ресурстардың шығынын төмендетуге, үнемді пайдалануға әсер етеді. Өнімнің өлшем бірлігінің шығынын төмендету кәсіпорынның қосымша табыс табуын жоғарылатады. Кәсіпорындардың қызметтерінің жалпы экономикалық нәтижесі мен еңбекті қолдану нәтижелілігінің өзара байланысы еңбек шығындарының төмендеуін қажет етеді де, кәсіпорындардағы еңбекті мөлшерлеумен айналысатын қызметтердің ролі жоғарылатады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Есеп және аудит | Қазақстан Республикасындағы қолма қол емес есептi ұйымдастыру

Экономикалық реформа жағдайында Қазақстанның несие - ақша және қаржы шаруашылығы елеулi құрылымдық өзгерiстерден өтуде: ақша - несие жүйесi қалыптасуда, несие – қаржы институттарының жаңа түрлерi пайда болуда, нарықтық экономикаға сай екi деңгейлi банктiк жүйе және көп мағыналы меншiк; әкiмшiлiк және жоғары монополиаландырылған мемлекеттiк банктiк құрылымнан динамикалық, икемдi, жеке және коллективтi меншiк несие мекемелерi жүйесiне негiзделген, комерциялық жетiстiктерге бағытталған пайдаға негiзделген құрылымға өттi .
Банк iскерлiгiнiң мәнi оларды басқа органдарда өзгешелендiретiн белгiлi бiр функцияларды орындауына көрiнедi. Банктiк қызметтердi банктiк клиенттi қызықтыратын белгiлi бiр әрекеттердi орындауы деп сипаттауға болады. Кез-келген банк өнiмi негiзiнде қандай да бiр қажеттiлiктi қанағаттандыру қажеттiгi жатыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2008 жылғы 6 ақпанындағы Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында: «Мемлекеттік қолдау біржақты болмайды, сондықтан банктер тәуекелдің өздеріне тиесілі бөлігін өз мойындарына алуға тиіс. Егер банктердің акционерлері өздерін дамыту үшін қосымша ресурстар тартқысы келмесе немесе оған қабілітсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті шаралар қабылдауға дайын болуы керек » деп айта кетті. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық