Банк ісі | Қазіргі кезеңдегі банк жүйесінің қалыптасуын және «Цесна банк» АҚ қаржылық нәтижесін бағалау

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда елімізде, көптеген шет елдердегі секілді, екі деңгейлі банк жүйесі әрекет етуде. Оның бірінші, жоғарғы деңгейі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып табылады. Банк жүйесінің екінші, төменгі деңгейін акционерлік банктер, яғни коммерциялық банктер құрайды.
Сөздің шындығына келгенде, әлемдік қаржылық дағдарыс отандық коммерциялық банктердің «осал» тұстарын анықтап берді, бірінші кезекте, банктердің несиелік активтеріне байланысты бірқатар мәселелерді күн тәртібіне қойып берді. Күткеніміздей, банк жүйесінің несиелік қоржының нашарлауы (банктердің өтімділігінің тапшылығымен қоса алғанда) жалпы банк секторының тұрақты қызмет етуіне және даму перспективасына ықпал ететін шешуші фактор болып табылады. Сол себепті біздің зерттеуімізде Қазақстан Республикасының банк жүйесінінің несиелік қоржынына, сапасына және оның банк жүйесінің қаржылық жағдайына әсер ету деңгейіне басты көңіл бөлуді жөн көрдік.
Банк жүйесінің несиелік активтерінің сапасының нашарлап кетуіне жеке тұлғаларға ұсынатын тұтынушылық несиелерді, яғни экспресс-несиелерге қойылатын талаптар мен шектеулердің жеңілдеуі де айтарлықтай ықпал еткені белгілі. Әдетте бұндай несиелер бойынша кепілдік берудің қажеті жоқ, оның үстіне несиелік бюролар қарыз алушы азаматтардың төлем қабілеттілігіне жете көңіл бөлмегенін ескеру керек. Коммерциялық банктер бір-бірімен бәсекелестік күрес нәтижесінде өз клиенттеріне барынша жеңілдіктер ұсынуға тырысқан болатын. Дегенмен де, қазіргі кезде банктер өз клиенттерінің несиелік тарихы туралы жеткілікті ақпараттар жинап үлгерді. Бұл алдағы уақыттарда клиенттердің төлем қабілеттілігін бағалау жүйесін жетілдіруге, нәтижесінде өздерінің активтерінің сапасын қолайлы деңгейде ұстап отыруына мүмкіндік беретін тамаша құрал болып табылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық