Физика | Айналамыз толы графиктер

Зерттеу жұмысының өзектілігі.
«Графиктер өмірде қерек пе, оларды өмірде пайдалана аламыз ба?» деген сұраққа мен жауап іздеп, оны зерттеу барысында сұрағыма жауабымды таптым. Біз графиктер тақырыбын 6 сыныпта өткен болатынбыз. Оқулықта бұл тақырып өте қысқа болғандықтан, графиктердің басқа салада қолданылу менің қызығушылығымды тудырды. Сол уақыттан бастап, графиктерді зерттеуді бастадым. Зерттеу жұмысы кезінде жоба жетекшім Маржан Жұмағазықызы екеуіміз басқа сала қызметкерлерімен танысып, графиктерді өз тілінде қалай оқитынын біліп қайттық. Зерттеу жұмысымның өзектілігі - графиктің өмірде қолданысын көрсету, сабақта алған білімдерін күнделікті өмірді пайдалана алу болып табылады.
Мен алда «Айналамыз толы графиктер» зерттеу жұмысымды одан әрі жетілдіріп, графиктердің басқа да салаларда қолданылатынын зерттегім келеді......
Ғылыми жобалар
Толық

Физика | Планеталар қозғалысы

Планеталардың түрлеріне жалпы сипаттама
Күннің төңірегінде оның тарту күшінің әсерінен жерді қоса есептегенде 9 ірі аспан денелері болған. Олар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Плутон айналып жүреді. Олар – планеталар (грекше – кезбе деген сөз).
Планетаның Күн төңірегіндегі жолы орбита деп аталады (латынша – із, жол). Күнге ең жақын орналасқан Меркурий, одан кейін Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, ең қашықтығы Плутон. Олардың өлшемі де түрліше – жерден үлкен, кішісі, сонымен шамаластары бар.
Планета – өзінен жарық шығармайтын салқын дене. Дегенмен, түнгі аспанда олар да жұлдыз сияқты жылтырап, көрінеді. Олай көрінетін себебі: планетаның бетіне күннен түскен сәуленің шағылысуына байланысты екен. Планета – «кезбе жұлдыз» деген мағынаны беретін грек сөзі. Жұлдыздар сияқты планеталар да белгілі бір орында тұрмайды, үздіксіз қозғалып аспан әлемінде жүреді. Себебі олар күнді айнала қозғалады. Планетаның пішіні шар тәріздес келеді және барлығы да осінен айналады. Күн шығар алдында және кешке күн батқаннан кейін Шолпан жарқырап ерекше көзге түседі. Күн жүйесіндегі аспан денелері топтасқан – «Құс жолы» галактикадағы шоқжұлдыздардың бірі. Құс жолы көзге қарай аспан әлемінде айқын көрінеді. Құс жолы қазіргі телескоптармен байқағанда көмескі жарқыл шығаратын аса көп жұлдыздар шоғырын көреміз, ал жай көзге ол тұтасқан шұғыла болып көрінеді. Құс жолы орасан зор жұлдыздар жүйесі. Галактика құрамына кіретін жұлдыздардың негізгі бөлігі. Галактикағы сонымен қоса жер аспанда байқалатын басқа да жұлдыздар мен өз жұлдызы күн де жатады. Галактикадағы жұлдыздардың жалпы саны орасан көп – шамамен 100 миллиардтай. Күн – Галактиканың қарапайым жұлдыздарының бірі......
Ғылыми жобалар
Толық