Қылмыстық құқық | ҚЫЛМЫСҚА БАРҒАН ЖАСӨСПІРІМ

Кіріспе
Қазіргі кезде еліміздің нарықтық-экономикалық қатынасқа өту жағдайында көптеген келеңсіз мәселелер мен жағымсыз оқиғалар белең алуда. Осындай келеңсіз мәселелердің бірі қылмыстық әрекеттердің жылдан - жылға көбеюі болып отыр. Солардың ішінде жас ұрпағымыздың қылмыстық әрекеттерге баруы және олардың болашақ өмірі барша адамзатты елеңдетеді. Сондықтан да қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі-өзекті мәселелердің бірі болып отырғандықтан, біздің зерттеу жұмысымыз қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесін, соның ішінде өмір бейнесінің қалыптасуына әсер ететін құндылық бағдарын, өмірлік жоспарын, өмірге деген қатынасын зерттеуге арналған.
Жалпы қылмысқа барған жасөспірімдерді көптеген авторлар қарастырған. Солардың ішінде Қазақстан ғалымдарынан (Қ.А. Бегалиев, К.А. Вайсберг, Ө.С. Жекебаев, Л.Ерменбетова, Е.І. Қайыржанов т.б.), Отандық психологтардан (А.Я. Колодная, А.Б. Сахарова, Е.А. Копыстынский, В.Н. Кудрявцев, П.П. Бельский, В.Л. Васильев т.б.), Ал шетел ғалымдарынан (Ллойд Олин, Харви Бейкер, Бартол, Курт, Ричард Джонсон, Терри Моффит т.б.). Осы авторлар секілді көптеген ғалымдар қылмысқа барған жасөспірімдердің психологиялық ерекшелігін зерттеген болатын, бірақ олардың қылмыстан кейінгі психологиялық ерекшелігін, соның ішінде болашақ өмірге деген көзқарасын анықтауға арналған зерттеулер кемде-кем. Сондықтан да қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі үлкен зерттеулерді талап етеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қылмыстық құқық | Қылмыскердің тұлғасының ұғымы

КІРІСПЕ
Қылмыскердің жеке тұлғасы барлық кезде барша криминалдық профильдегі ғылымдардың маңызды проблемалырының бірі болатын, әсіресе бірінші кезекте криминологияның. Осы ғылымдардың тарихы барлық мектептер және концепциялар сол формада, сол немесе басқа деңгейде өздеріне қылмыскердің жеке тұлғасының проблематикасын қосып қамтығанын куәландырады. Қылмыскердің жеке тұлғасы дегеніміз не, қылмыс жасаудағы оның ролі, келешекте қылмыстық әрекет жіберіп қоймау үшін оған қалай әсер ету керек, оның құқықтары мен міндеттерінің шегі қандай деген сұрақтар әлеуметтік-тарихи жағдайларға, әлеуметтік практиканың талаптарына және ғылыми жетістіктердің деңгейіне байланысты әр-түрлі қойылып және шешілетін болатын.
Қазіргі кезде қылмыскердің жеке тұлғасы ерекше маңызды проблемаға ие болды. Дәл осы проблеманың маңызды болуының себебі ең алдымен жалпы қылмыстылықпен толық күресу үшін, осы қылмысты жасағандарды ғылыми тұрғыда тану керектігімен байланысты болды, яғни, қылмыскердің жеке тұлғасын ғылыми тұрғыда қарастырмай жатып, жалпы қылмыстылықпен нәтижелі күресу мүмкінсіз болды. Бұл проблеманың маңызы мынада: қылмыстылық бұл адамдардың белгілі бір қоғамға қарсы мінез-құлықпен байланысты әлеуметтік құбылыс; ал бұл мінез-құлықты түсіндіру, оның себептерін ашу, қылмыс жасағандарға қолайлы эсер ету тәсілдерін табу үшін, қылмыстардың алдын алу тәсілдерін табу үшін тек қылмыскерді әлеуметтік индивид, тұлға ретінде сипатгайтын баршаны терең оқып-тану арқылы рана қол жеткізуге болады.Қылмыстылықпен нәтижелі күресу ұйымының көзқарасы бойынша, тұлға қылмыс «жасағысы» келді дегенді көрсету әлі жеткіліксіз, оның не үшін жасағысы келді және неліктен дәл осы белгілі бір мақсаты бар мінез-құлық вариантын қалаулы болранын анықтау қажет.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қылмыстық құқық | Қылмыс құрамының қылмыстық құқықтағы маңызы

КІРІСПЕ
Қылмыстық заң негізінен екі түрлі қызметті іске асыруға арналған десе болады, яғни біріншіден, қылмыс деп танылған әрекеттерді заң жүзінде жариялау арқылы халыққа ескерту, сақтандыру шараларын қолдану және екіншіден, ескерту шараларына қарамай қылмысты деп танылған әрекеттер жасалса, онда жауаптылық қолдануға арналған. Осы екінші қызметті іске асыру барысында кейбір қылмысты деп танылған әрекеттердің өз-ара ұқсас белгілері болуына байланысты оларды бір-бірінен ажырату және практикада да осындай ұқсас қылмыстарды ажырата отырып заң нормаларын қолдану мәселесінде қиындықтар туындайды. Мұндай кемшіліктер мен қате жұмыстар орын алмауы үшін, әр қылмысты сипаттайтын белгілерді толық түсініп қана қоймай, сонымен бірге заңда осы қылмыспен ұқсас қылмыстар бар екендігін біліп, олардың айырмашылықтары қандай белгілерде екендігін де білу қажет болып табылады. Бұл әрине өз кезегінде заң нормаларын сауатты қолдануды ғана емес, сонымен қатар заң бойынша дұрыс жұмыс істеуді, нәтижесінде «заңдылық» қағидасының сақталуына жол ашады деп түсінеміз. Бұл маңызды мәселе болып табылады, себебі Қазақстан Республикасы өзінің даму бағытының бір бағыты ретінде құқықтық мемлекетті орнатуды көздеп, елде құқықтық реформаларды 1990 жылдардың орта кезеңдерінен бастады және бұл реформаның негізгі бағыттары ретінде қылмыстық заң нормаларын да қайта қарап, оларды өмір шындығымен байланыстыруды және озық үлгідегі заңды қалыптастыруды, заң нормаларын гуманизациялауды көздеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қылмыстық құқық | Құқықтық қылмыстың негізгі ұғымдары

КІРІСПЕ
Қылмыстық құқық қылмыстық заңнаманың міндеттері мен қағидаларын, қылмыс ұғымын, қылмыстық жауапкершіліктің негізін, қылмыстың түрлері мен белгілерін, жазаны, қылмыстық жауапкершілік пен жазадан бостудың негіздерін анықтайтын заңды нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың мүдделерін қыл¬мыстық қол сұғудан қорғау барысында туатын қоғамдық қатынастар қылмыстық құқықтың пәні болып табылады. Қылмыстық құқықтың субъектісіне қылмыс жасаған жеке тұлғалар мен мемлекеттің құзыретті органдары (тергеу, проку¬ратура, сот т.б.) жатады. Аталған субъектілердің өзара құқықтары мен міндеттері осы қатынастың мазмұнын құрайды. Мем-лекеттің құзыретті, құқық қорғау органдары қылмыс жасаушыларды жауапқа тартуға құқы бар әрі міндетті. Сол сияқты қыл¬мыс жасаған субъектіде заң алдында жауап беруге міндетті....
Курстық жұмыстар
Толық

Қылмыстық құқық | Билiктi немесе қызмет өкiлеттiгiн асыра пайдалану

Кiрiспе
Әр бiр мемлекеттiң дамуында экономикалық дағдарыстан шығу кезiнде қылмыстың көрсеткiштер өте жоғары болған. Экономикамызға байланысты мем лекеттiк қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстар күрт өзгерiстерге ұшырады.
Қазақстан Республикасының Парламентiмен осы заманға сай 1998 жылы 1 қаңтардан бтап күшiне енген жаңа Қылмыстық Кодекс қабылданды. Осы кодекстiң 13 тарауындағы 308 бабында билiктi немесе "Қызмет өкiлетiн асыра пайдалануға" қылмыстық жауапкершiлiк көрсетiлген. Қызмет өкiлеттiгiн асыра пайдалану мемлекеттiк аппараттың облыстық, жергiлiктi басқару органы, банк сфераларында орын алатын қоғамға қауiптi қылмыстар.
Қызмет өкiлеттiгiн асыра пайдалану лауазымды адамның қызметтiк парызын бұзып, мемлекеттiң немесе қоғамның құқығын және заңмен қорғалатын азаматтардың мүддесiне тiкелей қасақналық пен едәуiр зиян келтiруi.
Бұл бапты зерттеушi заңгер ғалымдар өте көп, және теорияда көп зерттелген. Зерттеуге өз еңбектерiн күш-жiгерiн жұмасаған адамдардың бiрi заң ғылымның докторы, профессоры Арықбай Нүсiпалиұлы Ағыбаев. ....
Курстық жұмыстар
Толық