Бастауыш сынып | Ұлттық тәрбие беру арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары

Ұлттық тәрбие беру арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары
ХХ ғасырдың 20 - 30 жылдары Қазақстанда этнопедагогикалық ой - пiкiрдiң дамуына үлкен үлес қосқан қазақтың ағартушы - педагогтары А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатовтың еңбектерiнде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру туралы ой - пікірлері, оларды жүзеге асыру жолдары нақты көрсетiлген.
1. Ахмет Байтұрсыновың бүкіл өмір жолындағы басты идеясы қазақ халқының ұлттық санасын ояту, тұрмыс - жағдайын жақсарту, ол үшін халықты жаппай сауаттандыру, оқыту керек екенін айтып, өзінің ұлттық идеясын насихаттайды.
А. Байтұрсынов қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына ерекше күш жұмсап, оларға арнап “Сауат ашқыш” атты оқу құралын жазып шығарды.
Ахмет Байтұрсыновтың “Әліпбиi” қазақтың алғашқы ұлттық сипаттағы әліппесі. Ол араб графикасымен жазылған нағыз ұлттық “Оқу құрал”. Бұл оқулықты жазудағы оның алға қойған мақсаты - бастауыш сыныпта балалардың сауатын ашу. Кітапта автор әр әріпті жекелеп түсіндіріп, олардың жазылу және айтылу кезіндегі ерекшеліктеріне тоқталады.
Оқу құралының ерекшелігі әріпті тегіс үйретіп біткеннен кейін оқулық соңында сауат ашар оқушы қауым үшін тәрбиелік маңызы ерекше, идеясы құнды өлеңдер, тақпақтар, айтыс, ұсақ әңгімелер берілген. Оларды берудегі мақсат - оқушы әріптерді толық меңгерді ме, жоқ па, екіншіден, жаттығу үшін берілген әдеби нұсқалар оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке тәрбиелер деген ой болды......
Ғылыми жобалар
Толық