Егер балаңыз табысқа жеткен тәуелсіз адам болғанын қаласаңыз, 500 миллионердің өз балаларын тәрбиелеуде қолданатын қағидаларына құлақ түріңіз

Сәттілік пен мұрагерліктің арқасында мол дәулет жасау өте сирек кездеседі. Көбінесе байлық дегеніміз – еңбектенумен, табандылықпен, жоспарлаумен және, ең бастысы, өз-өзіңді тәрбиелеумен өткен бүкіл өміріңіздің нәтижесі. Мұндай қорытындыға «Менің көршім – миллионер» («Мой сосед – миллионер») кітабының авторлары Томас ДЖ. Стэнги және Уильям Д. Данко атты екі зерттеуші келген екен. Олар 500-ден астам американдық миллионерлерге сауал қойып, шын мәнінде бай адамдардың өз балаларын қалай тәрбиелейтіндерін біледі.

1. Ешқашан балаларға көп ақшаңыз бар екенін айтпаңыз.
Шын мәнінде бай адамдар өз ақшамен дандайсымайды, тіпті, керісінше, өздерін неғұрлым қарапайым ұстайды. Сіздің едәуір сомаңыз бар екені жайлы балаларда күдік те болмайтындай етіп өмір сүріңіз.

2. Қаншалықты бай болсаңыз да балаларды үнемдеуге және өз-өзін тәрбиелеуге үйретіңіз.
Дәулет жинай алатын адамдар балаларына өз.....
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Альберт Эйнштейннен өмірлік 31 сабақ

Альберт Эйнштейн бізге адамзат тарихында терең із қалдырған ұлы физик, бірқатар революциялық физика теорияларын жасаушы, көптеген ғылыми жұмыстардың авторы ретінде таныс. Алайда біртума ғалым өз заманының данагөйлерінің бірі екенін көбі біле бермейді. Көптеген мақалаларында ол өмірден түйген ой-толғамдарымен, кеңестерімен бөлісіп отырған. Солардың кейбірін осы мақалада ұсынбақпыз.
Кеңестер
Толық

Қыз тәрбиесі

Қыз бала аттап өтуге болмайтын әдеп – инабаттылық талаптары жайында жақсы хабардар болуға тиіс. Әсіресе қыз анасы, апа – жеңгелері үй шаруасына икемділік, ісмерлік, жүріс – тұрыс сыпайылығы мен ширақтығы, әсімдігі, жинақылық пен тазалық, өз бойын күту мен ашық қабақтылыққа үйретуі керек. Үлкендерге ізеттілік, құрбыларымен татулық, сыйластық, кішілеріне апалық мейір – ықылас тәрізді қыз бала инабаттылығының нәзік иірімдері туралы айтып қана қоймай оларды білдіруге, меңгертуге күш салулары қажет.

Ол үшін қыз баланың бойына кішкентайынан сыпайылық, мейірбандылық, адалдық, сезімталдық, еңбекқорлық сияқты сияқты қасиеттер дарыған болуға тиіс. Қыз бала өзіне дос таңдауға ерекше жауапкершілікпен сақтық, ұстамдылықпен қарауы, оның маңызын санамен аңғарып, жүрекпен түйсінуі тиіс. Бұл істе жеңіл ойлылық, ұшқалақтыққа, орынсыз тәуекелге жол беру өте қауіпті.
Қыздар үшін дос ер балалардың мінез – құлқы, әдет – дағдылары, ой өрісі мен мәдениеті, білімі мен инабаттылық болмысы, талабы мен талғамы, денсаулығы, жақсы, жаман әдеттері (темекі, ішімдік, есірткіге зауқы), ала – бөтен қылықтары, т.б жайында алдын ала білу өте маңызды.
Қыздың бой жетуі, яғни жан – жақты жетіліп, белгілі дәрежеде өмір тәжірибесіне.....
kz
Толық