Бiлiмдiмен дос болсаң, Сасқанда ақылын айтар. Бiлiмсiзбен дос болсаң, Топ iшiнде бетiң қайтар

Білімді тар ұғымда, білімі бар адам деп, ал кең мағынада көргенді, ақыл-парасаты мол, білімді, жақсы мінезді адам деп білеміз. Бұл мақалдағы «білімді» осы екіншіге дәл келеді. Сондай адаммен дос болған адамдар өздерін бақыттымын десе болады. Ал «білімсіз» дегендер білімдіге қарамақарсы адамдар. Адамгершілігі, кісілігі төмен адамды білімсіз адам дейді.
Абай: «... білімсізге қылған жақсылық өзі адамды бұзады» дейді емес пе

Мағынасы бар мақал-мәтелдер
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Адамның дене мүшелері (тырнақ, шаш, ауыз, бет, тіс, бас, тіл, саусақ, кіндік, құлақ, көз бен мұрын)

Қолымда он жүзігім ал шығармай,
Бір бөрі мал жейді екен қан шығармай.
Төрт торы, екі сала жұмбағым бар,
Мұны тапқан мені алсын мал шығармай.
Он тырнақ, ұстара, жылдың төрт мезгілі

Бір жанды мақлұқ көрдім пошымы бөлек,
Бір тау бар ортасында дөп-дөңгелек.
Үстіне шыққан шөбі бәрі тегіс,
Мал жемес, шауып алып неме керек.
Сол таудың ортасында екі өзен.
Астында бұлағы бар, алды кезең.
Не астына, не үстіне шыққан шөп жоқ,
Адамзат көргенің жоқ ондай өзен.
Сол таудың етегінде жалғыз құдық,
Беткейде асыл таспен аузын қиып,
Ішіне кірген нәрсе тірі шықпас,
Асыл тас жібереді бәрін қиып.
Адамның басы, беті, аузы, тісі

Еңкейсем еңкейеді,
Шалқайсам шалқаяды.
Көлеңке
Жұмбақтар жауабымен
Толық