Ойнаймыз!

Ойнаймыз да, күлеміз,
Бар ойынды білеміз.
Күнде де, түнде де,
Ойнап біз жүреміз!!!
Тақпақтар
Толық

Ана

Ана пана,
Ана дана.
Өмірді әкелетін,
Ана ғана!!!
Тақпақтар
Толық

Керемет қой аналар

Аналарды теңейміз ғой құндызға,
Күнге де, айға да, жұлдызға.
Өмір бақи анаменен
Бақытты ғой ұл-қыздар!!!
Тақпақтар
Толық

Отбасым

Әкем менің қорғаушым күнім дейтін,
Анам менің қолдаушым тілім дейтін.
Әжем менің ақылшым ойым дейтін,
Ағам менің бауырым жаным дейтін.
Тақпақтар
Толық

Жаңа жыл

Жаңа жылды қарсы алайық бәріміз,
Керемет қой жаңа жылғы әніміз.
Ән айтамыз бәріміз де қуанып,
Жаңа жылдың біз, сіз болар сәніміз.
Тақпақтар
Толық