Ана

Ана өмірдің шуағы,

Ана өмірдің шырағы.

Бәрінен де қымбат қой

Аннамның аппақ құшағы.
Тақпақтар
Толық

Ана

Нұрын шашқан күніміз,

Айжұлдызды түніміз.

Мәпелейтін, әлпештейтін,

Ана біздің гүліміз.
Тақпақтар
Толық

Ана

Мен үшін не керек,

Бәрін іздеп табасың.

Айналайын анашым

Жұмысыңа барасың,

Қайтып мені көргенде,

Шын сағынып қаласың.
Тақпақтар
Толық

Ана

Мынау пәни жалғанда,

Анадан асқан жан барма!

Мәпелеп сені өсірсе,

Сыйла, анаңды ардақта.
Тақпақтар
Толық

Ана

Ана деген әдемі,

Ана деген әлемі.

Аялайық ананы

Әлпештеген баланы.

Сәбиге өмір сыйлаған,

Әлди, әнмен тербеткен.

Қадірімді түсінген,

Аяулы ана, ақ ана.
Тақпақтар
Толық

Ана

Анам менің бесігім,

Тұла бойы кешірім.

Анам аман тұрғанда,

Қарыздармын өзіңе.

Қарағанда көзіме

Зейін салам сөзіңе.
Тақпақтар
Толық

Ана

Менің анам көрікті,

Менің анам аяулы.

Анамды мақтан етемін,

Қайтсем мақсатқа жетемін.
Тақпақтар
Толық

Ана

Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз.
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз...
Тақпақтар
Толық