Күйеулері тоқал алып кетпеу үшін қазақ келіншектері не істеу керек?

Instagram әлемінде «Құралай ханым» есімімен белгілі блогердің тұшымды жазбалары қазақ тілді қолданушылар арасында соңғы кезде үлкен сұранысқа ие. Көптеген қыз-келіншектердің көкейдегі сұрақтарын жауапсыз қалдырмайтын блогер nur.kz порталына сұхбат берді.
Жаңалықтар
Толық

Жігітпен танысу амалдары

"Ер жігітпен танысу - тәрбиелі қыздардың ісі емес". Көпшіліктің ойынша, жігіттің өзі алғаш қадам жасау керек. Алайда ұнатқан жігіт "тежегішін" қосса, ал сіз оны қатты ұнатып, мүмкіндікті жібергіңіз келмесе ше? Көңілін аудару үшін оның алдында ойнап-секіру керек пе? Оны еркін, көңілді әңгімеге қалай көндірсе болады? Кеңестерді оқи отырыңыз.
Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық

Сақтықта қорлық жоқ! - Пешті қысқа дайындау

Қыстың суық күндерінде үйлерді жылытуға дайындық басталып кетті. Жылыту кезінде қандай жағдайларды ескеру керектігін толыққанды білу үшін Астана қаласы ТЖД МӨББ ӨҚСБжПҚБ инженері азаматтық қорғау лейтенанты Бексұлтан Рахымбаев мырзаны сөзге тартқан едік.
Жаңалықтар | Кеңестер
Толық

Ди Каприо "Оскардағы" жеңісіне қатысты не деді?

Голливуд актері Леонардо Ди Каприо «Оскар» киножүлдесінде "Үздік ерлердің рөлі" номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, табыстау рәсіміне жиналғандардың алдында сөз сөйледі деп хабарлайды nur.kz порталы "Лентаға" сілтеме жасап.
Жаңалықтар
Толық

Үміт

Үміт өлмейді.

Үмітсіз - шайтан.

Үміттінің өз дәулеті өзінде.

Қазан аузы жоғары, қармақ суда.

Сағыныш - сары ауру,үміт - талшық.
Мақал-мәтелдер
Толық

Жұмысты жеңілдетуге 55 кеңес

Қай ортада жұмыс істемеңіз, қай компанияда қызметте болмаңыз, ауырлық үнемі табыла кетпек. Ауырлықтардың алдын алуға 55 кеңес:

1. Әрбір күннің соңында ойланатын сұрақтар: Мансап жолындағы мақсатыңды нақтылы айқындап алдыңыз ба? Соңында неге қол жеткізгіңіз келеді? Мұның бәрі өмірлік мақсатыңызға тура келе ме?
2. Әр күні жұмысқа ерте барыңыз. Сәтті күнге жақсы бастама болсын. Үйге ерте қайта аласыз.
3. Барлығын тәртіп бойынша реттестіріп, тапсырмаларды маңыздылығына қарай жайғастырыңыз.
4. Өзіңізбен бірге орындалуы тиіс тапсырмалар тізімі жүретін болсын.
5. Бір күн істеген ісіңіздің дұрыс жасалғандығына....
Кеңестер
Толық

Телефонды қасыңызға алып жатпаңыз, өйткені…

Қазіргі таңда, шыны керек, телефон, смартфондар айырылмас досымызға айналды. Күндіз қолымыздан тастамаймыз, ал түнде қасымызға алып жатамыз. Телефонға деген «махаббатымыз» денсаулығымызға зиян келтірмей ме? Енді осыған тоқталсақ.

Ұйықтар алдында телефонға үңілу көзімізге зиян екені барлығымызға.....
Кеңестер | Денсаулыққа пайдалы кеңестер
Толық

Қадірімді білмеген қадірлім-ау, Қабірімді құшақтап, жылап қалма…

Жұмыстан келгенімде, жұбайым Жанар кешкі ас дайындап жатыр еді. Қасына жақындап «Маңызды нәрсе айтуым керек…» дедім. Қасыма отырды. Айтар сөзім оның жүрегін ауыртатынын түсініп тұрдым. Бірақ, қанша қиын болса да айтуым керек. «Ажырасайық…» дедім. Ашуланбады, қарсы сөз де айтпады. Себебін сұрады. Ешнәрсе айта алмағаныма ашуланды. Басқа әйелді жақсы көретінімді айта алмадым…

Ол түнімен жылап шықты. Бірге өткізген 20 жылдан кейін — ажырасу қиын болатыны түсінікті. Оның алдында өзімді кінәлі сезінгенім үшін, оған — Көлік, Үй және компаниямның 30% үлесін беретін келісім шарт дайындап қойдым. Бірақ, ол оған бір қарады да, жыртып тастады. Екеуміз мүлдем бейтаныс адамға айналдық. Оның маған жұмсаған уақыты мен күш жігеріне жаным....
kz
Толық

Ата – аналар үшін баланың балабақшаға бейімделу туралы мамандар кеңесі

Сонымен, сіздің кішкентай ғана қазынаңыз таң атпастан балабақшаға бару керек. Бастапқыда үйренуі қиын болды, уақыт өте келе бәрі де қалпына келе бастады. Бірнеше рет барып, ойынын, өзін ұстауын тамашаладыңыз. Ойдағыдай еді...

Алайда, ол бүгін балабақшаға барудан да, киінуден де бас тартты. Себебін сұрадыңыз, жауап – "барғым келмейді, болды". Әдетінше көз жастар моншақтап аға бастады.

Дәл осындай тығырықтан шығу үшін психолог кеңесін оқып алғаныңыз жөн.

Ең, ең бастысы – күш көрсетуден аулақ болу керек, мәселенің....
kz | Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Ата – аналар үшін баланың балабақшаға бейімделу туралы психолог кеңесі

Абдинова Үміт Даутқызы, Екібастұз қаласы
№23 " Балауса" мектепке дейнгі гимназия балабақша психологы


2 -3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі құбылыс. Бейімделу уақытында баланың эмоциялық жағдайы көп өзгеріске түседі.

Сондықтан кеңес береміз:
- Үйдегі жағдайды балаңыз келетін топтың күн режимімен бірдей етіп ұйымдастыруға жұмыстаныңыз.
- Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін қосыңыз
- Үйдегі жағдайда баланың өзіне - өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокқа сұрану. Киімдері міндетті түрде өзіне ыңғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.
- Баланың «социалдық көкжиегін» кеңейтіңіз, ауладағы өзімен құрдас.....
kz
Толық