Ш.Ш.Уәлиханов этнограф ғалым

Бұл күндері еліміз қазақтың біртуар ұлы, тұңғыш ғалымы Ш.Уәлихановтың
туғанына 170 жыл толуын атап өтуде. Ол тарих, этнография, шығыстану, геогра
фия сияқты ғылымның түрлі салаларын зерттеп, отыз жылдық қысқа ғұмырын да артына мол ғылыми мұра қалдырды. Ғалымның еңбектерінен алуан түрлі ғы лым саласына қатысы бар, өз құнын бүгінгі күнге дейін жоймаған ойлы тұжырымдар табуға болады. Ш.Уәлихановтың шексіз энциклопедиялық білімі тек жан – жақты дарындылығын паш етіп қана қоймайды, оның көптеген халық тың өмірлік тәжірибесіне сүйеніп, сол арқылы өз халқының тарихи даму сала сын зерттеуді байытқан, әрі жаңа сатыға көтерген бірден – бір ойшыл екенін аң ғартады./1/
Ш.Ш.Уәлиханов қазақ халқының тарихы мен этнографиясын зерттеуге ерек ше назар аударды. Ол өзінің зерттеулерінде этнографияның негізгі мәселелері мен бағыттарына тоқталды. Бұл туралы Е.А.Масанов: «В его трудах мы нахо дим исключительное богатство оригинальных и глубоких мыслей и идей, науч ных выводов, интереснейших гипотез, сведений, не утративших своего значе ния для науки и по настоящее время. Широта познаний ученого, его эрудиция, умение исследовать актуальные и чрезвычайно сложные и трудные проблемы, тонкое понимание самобытности жизни и культуры народов Востока, роли и значения передовой русской культуры для их судеб поражают читателя,»/2/ - деп жазды.
Ең алдымен, туған халқының тарихын зерттеуші, қазақтардың этникалық тарихы мен этногенез мәселелеріне көңіл бөлді. Қазақ халқының шығуы туралы
ойын ол 1852 жылғы «Письмо профессору И.Н.Березину» еңбегінде: «Все данные, собиранием которых я теперь занимаюсь,...подтверждают, что народ ка
зак (так называем себя мы) образовался от союза разных племен турецких и монгольских во время междоусобий в орде, начавшихся тотчас после смерти Бердибека, а не народ древний о котором писал Фирдоуси. Каждый потомок Ба
тыя хотел быть ханом и иметь народ: так, я думаю, образовались ханство Крым
ское, Казанское, орда Чорайгаковская, союз узбеков – шейбанов и казаков,»/3/ - деп анық көрсетті. ....
Рефераттар
Толық