Жұмағали Саин (Шәрбанға)

Жас едің сен!
Өстің күнге таласып,
Гүл боп тұрдың,
Шоқтарыңды жаңа ашып,

Күлсең - дағы, қабағыңды жапсаң да,
Тұрушы еді саған бәрі жарасып.
Нәзік, таза мінездерің, ойларын.
Қарап, тыңдап 'қанбадым да, тоймадым........
Өлеңдер
Толық