География | Шарын өзенінің су ресурстарын бағалау

Дипломдық жұмысының мақсаты – берілген өзен бекеті бойынша жылдық ағынды сипаттамаларын анықтау. Ол үшін алаптың физикалық-географиялық ерекшеліктері есепке алынып, бастапқы мәліметтер бағаланады. Есептік кезеңді таңдау үшін, айырымдық интеграл қисығын тұрғызу және қатар біртектілігін тексеру үшін, жиынтык интеграл қисығын, сондай-ақ, қалыпты ағындының қамтамасыздық қисығы тұрғызылады.
Балқаш Оңтүстік-Шығыс және Орталық Қазақстан шөлейттерінің орталығындағы тектоникалық қозғалыстан пайда болған қазаншұңқырда орналасқан. Ол соңғы төрттік мұздану кезеңіндегі ертедегі Балқаш-Алакөл су қоймасының бір бөлігін қамтиды. Соңғы геологиялық периодта оның батыс және солтүстік-батыс жағалауының біртіндеп төмен түсуі, ал солтүстік-шығыс жағалауының көтерілуі байқалады. Соған байланысты көлдің батыс және солтүстік-батыс жағалауы ингрессиондық, ал солтүстік-шығыс бөлігінің жағалауы регрессиондық сипатта болып келеді.
Балқаш көлі алабының орографиясы күрделілігімен ерекшеленеді. Оның территориясын биік тау жүйелері, аласа таулар және Балқаш маңы құмдары алып жатыр. Біз қарастырып отырған Балқаш көлінің маңы жазықтығын негізгі үш ауданға бөлуге болады:
1) Солтүстік Балқаш маңы,
2) Оңтүстік Балқаш маңы,
3) Оңтүстік-Батыс Балқаш.
Солтүстік Балқаш маңы Қазақ ұсақ шоқысының оңтүстік шетін қамтиды. Оның орташа биіктігі 400-450 м. Рельефі негізінен жазықтық болып келеді, жекелеген тік шыңды төбелер, жоталар кездеседі, қысқа аңғарлы жазда құрғап қалатын арналармен тілімделген.
Оңтүстік Балқаш еңістігі төмен (0,03) аккумулятивтік шөгінді түріндегі жазықтық болып келеді. Бұл жер құм массивтерінің кең таралуымен ерекшеленеді.
Балқаштың оңтүстік-батыс бөлігін кең ауқымды Іле өзенінің атырауы (ауданы шамамен 8000 км2) алып жатыр. Атыраудың сол жағын ертедегі Іле өзенінің атырауынан қалған құрғақ арналармен тілімделген Бақанас атты сазды-құмдауыт тақыр алып жатыр. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық