Шайтан, жын, сайтан, пері, ібіліс, албасты

Асыққан шайтанның ісі.

Шатынаған көзге шайтан ғана шалынар.

Үмітсіз шайтан.

Шайтанға сабақ үйреткен.

Шайтанға санын соқызған.

Оның тәніне шайтан кірген.

Шапалақ жесе, шайтан да ауырады.

Шайтан азғырса, арық аттамай-ақ аяғың сынады.

Бейтаныс кісіден таныс шайтан артық.
Мақал-мәтелдер
Толық

Абай Құнанбаев (Шайтан)

Мұңлы шайтан — құдайдың қуған жаны,
Күнәлі жер кез келіп бір ұшқаны.
Өткен жақсы дәурені ойында оның,
Сондағы не көргені, не қылғаны. .....
Өлеңдер
Толық