ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Біріккен Ұлттар Ұйымының мың жылдық саммитінде БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан баяндама жасап, онда негізінен үш мәселені қозғады. Олар — әлемдегі кауіпсіздік, кедейшілікпен күрес және қоршаған ортаны қорғау. Бұлар XXI ғасырдың ең басты проблемалары ретінде айрыкша аталып өтті.
Бірінші проблема — қауіпсіздік мәселесі. Ядролық, биологиялық және химиялық қаруды, сондай-ақ оларды жеткізу кұралдарын (зымырандарды) тарату - ғаламдық және аймактық деңгейде зор қауіп-қатер тудырып отырғаны баршаға мәлім. Халықаралық лаңкестердің жаппай қырып-жою қаруын пайдалану мүмкіндігі де қосымша кауіп төндіретіні сөзсіз.
1972 жылғы 26 мамырдағы АҚШ пен КСРО арасындағы ракетаға қарсы корғаныс жүйесін шектеу туралы (РҚҚ) шарт әлемдегі стратегиялық тұрақтылыктың негізі болып келіп еді. АҚШ-тың 2001 жылғы желтоксандағы РҚҚ туралы шарттан шығу жөніндегі мәлімдемесі Ресей, Қытай т. б. елдер тарапынан наразылық тудырды. Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қол қойған 187 мемлекет делегаттарына өзінің арнауында К. Аннан АҚШ-тың Ұлттық зымыранға қарсы қалқанды жаңғырту ниетін ядролық карусыздану саясатына қарсы қадам деп бағалады. Бас хатшының айтуынша, АҚШ-тың бұл әрекеті ядролық карусыздану ісіне кері әсерін тигізіп қана коймай, оны таратуға ықпал ететін болады.
БҰҰ-ның көп жылғы жұмысының нәтижесінде 2001 жылы жеңіл қару-жарақпен және атыс қаруымен заңсыз сауда-саттыққа жол бермеу жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы кабылданды.
Азия кұрлығының ерекшелігі — мұнда ядролық мемлекеттер және осындай мәртебе алуға жақын, яғни, ядролық қару табалдырығындағы елдер шоғырланған, ядролық қарулану процесі барынша қауырт жүріп жатыр.
Қазіргі заманның қауіпті қатерлері — халықаралық ылаңкестік (терроризм), ұйымдасқан қылмыс, сепаратизм мен діни экстремизм, этностык қақтығыстар, кару-жарақтың заңсыз айналымы, есірткі саудасы, тағы басқалар екпіндеп ене түсуде.
2001 жылғы кыркүйектің 11-күні АҚШ-қа өзінің катыгездігі жағынан жойқын соққы болып тиген оқиғалар бүкіл әлемге адамзаттың басына төнген кауіптің ауқымын айқын көрсетіп берді.
Бұдан бұрын да ылаңкестік болды, олардың ең ірілері: 1998 жылы 7 тамызда Найроби (Кения) мен Дар-Эс-Саламдағы (Танзания) жарылыстан АҚШ елшілігі қиратылып, 250 адам қаза тапты, 1999 жылғы 9 және 13 қыркүйекте Мәскеуде екі ірі жарылыстан екі тұрғын үй қиратылып, 212 адам қаза тапты, 300-і жараланды.
Осы заманғы халықаралық ылаңкестік өзінің сипаты жағынан ұлтаралық болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі өзінің № 1373 шешімімен (қаңтар, 2002 ж.) Терроризммен күрес жөніндегі комитетін құрды. Бұған осы ұйымға мүше 189 мемлекеттің бәрі катысады, олар ланкестік әрекеттің бәрін де қылмыстық іс санауға тиіс, ылаңкестер мен оларды қолдаушылардың қаржылық кұралдары мен активтерін тоқтатып, оны оларға беруге тыйым салады. Ылаңкестерге баспана беруден бас тартуға міндетті. Барлық елдер бұл талаптарға байланысты есептер беріп отыруға жауапты екендігі көрсетілді.....
Рефераттар
Толық