Тіл дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар

• Біздің ана тіліміз – қазақ тілінің келешегі балалардың сөйлеу мәдениетінің деңгейімен байланысты. Осы тұрғыда әр баланың тілін жетілдіру, олардың сөйлеу мәдениеті қоғамдық қажеттілік болып табылады. Қарым - қатынас ережелерімен қаншалықты ерте таныстыруды бастасақ, сөйлеу құралдары соншалықты саналы және табиғи қалыптасады да, баланың сөйлеу мәдениетін жетілдіреді.

КІРІСПЕ
«Тіл – жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел болмайды. Тілінен айырылған жұрт - жойылған жұрт.
... баланың тілі дұрыс болса, елдің тілін көркейтіп, байытып гүлдендіреді...»
Х. Досмұхамедұлы

Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің барлық саласы адамның жеке тұлғасын дамытуды көздейді. Жеке тұлғаны тәрбиелеуде ана тілін жетік меңгертудің маңызы зор.
Қазіргі заман талабына сай үш тілді білу – әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты. Ал үш тілді білудің алғышарты ана тілінің ережелері мен нормаларын меңгеру негізімен тікелей байланысты......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық