Туған жер - алтын бесігім

  Туған жер - ауылым алтын бесігім. Туған жер. . . Туған ел. . . Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңші?!Оның адам өмірінде алатын ерекше, киелі ұғым. Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінеді. Ал мен үшін туған жерімнің қадірі әлемдегі ең ұлы дегенмен тең. Себебі, ол-сенің әлпештеп, аялап өсірген анаң мен әкең, туған-туысың, аға-әпкең, бізді білім жолына жетелеген ұстаздарымыз, сол білім жолына тай-құлындай тебіскен жолдастарың дүниеге келген жерің, қызыққа толы балалық шағың, туған ауылның ауласы. Менің туған жерім, Отаным-кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Көктөбе жері.

Біздің ата-бабамыз мекен еткен, кіндік қанымыз тамған жер. Әр адам бала күннен бастап Отанына деген сүйіспеншілік пайда болады. Осы мекенде көңілді шаттыққа толы балалық шағым өтті. Қызыққы толы балалық шағым өткен туған ауылдың ауласын еш уақытта ұмытпаймын. Балабақшадағы күндерім. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған күн. ..... 

Эсселер
Толық