Жұмағали Саин (Толғау)

Ал, жүрегім лепірді,
Елдің түйдек сырына.
Ақын тілін безеді,
Толғауына — жырына.
Ақын шапты ақыра,
Өшпендестің қырына.
Ақын міне қол созды,
Көкте күннің нұрына.
Ақын қосты дабысын,
Өмірдің айқын сынына.
Шыңына өмір, шыңынан
Жырына елдің, жырынан
Сөйле де тіл, шешендеп,
Минутте мың құбыла;......
Өлеңдер
Толық

Мағжан Жұмабаев (Толғау)

Тек ел деген сөзі үшін,
Ергенде, ердім ұранға.
Болмаса, аян досыма,
Досым түгіл, қасыма:
Аты бар деп атшы боп,
Қошемет қып, қосшы боп,....
Өлеңдер
Толық

Мұқағали Мақатаев (Толғау)

Таң атты.
Келіп қалды ғажайып жыл,
Кел, ақын, керемет бір жазайық жыр.
Томырық лирика, тоқтай тұршы,
Толқынды толғау неге азайып жүр?
Кел, ақын, керемет бір жазайық жыр. .....
Өлеңдер
Толық