Созылмалы гастрит

Созылмалы гастрит- асқазан кілегей қабығының жасушалық инфильтрациясымен, регенерациясының бұзылысымен жүретін және үнемі бездік эпителийдің атрофиясына, кілегей қабықтың ішектік метаплазиясына алып келіп, асқазанның секрециялық моторикалық инкрециялық функцияларының жетіспеушілігін туғызатын, асқазан кілегей қабығының созылмалы қабыну ауруы.
Этиологиясы. Созылмалы гастрит- полиэтиологиялық ауру. Дамуына алып келетін себептер:
• хеликобактерлік инфекция (95%)
• аутоиммундық фактор (15-18%)
• дуоденогастральдік рефлюкс;
• ұзақ қолданған дәрмектердің әсері, стероидтық емес қабынуға қарсы дәрмектердің, калий хлоридінің, резерпиннің, туберкулезге қарсы дәрмектердің т.б
• алиментарлық факторлра (уақтылы тамақтанбау, тамақты дұрыс шайнамау жұту, аса өткір, ыстық немесе салқын тағамдарға әуесқойлық)
• зиянды әдеттер;
• өзге ағзалардың аурулары ( анемия, өкпенің, жүректің, бүйректің жетіспеушілігі, созылмалы холецистит, панкреатит, дуоденит;)
Созылмалы гастрит дамуының ең басты себебі- хеликобактерлік инфекция- 90-95%
Патогенезі. Аталған факторлардың ұзақ әсер етуінен асқазан эпителийінің регенерациялық қасиеті төмендейді, қабыну процессі дамиды, жүре келе қалыпты эпителий мен бездер жойылып, асқазанның кілегей қабығында атрофиялық және ішектік метаплазия процесстері туындайды. Кілегей қабықтың атрофиясы ақырында асқазан секрециясының жетіспеушілігіне әкеледі.
Жіктемесі. Созылмалы гастриттің 3 түрін айырады: атрофиясыз; атрофиялық; ерекше түрлері;
Атрофиясыз гастриттің басты себебі- Н. Pylori. Атрофиялық гастриттің өзі 2 түрге бөлінген: аутоиммундық және мультифокальдық. Мультифокальдық деп асқазанның бір бөлігінен алынған биоптаттарда, тұтас емес, көп ошақты атрофияның және НР болуымен дамитын түрін айтады. Бұл гастриттің ракқа жиі айналатын түрі болып саналады. ....
Рефераттар
Толық