Жұмағали Саин (Сендерді терең ойға алсам)

(Мәлік Ғабдуллинге)

Қасқая қара тон киіп,
Қаусыра түйме тағынған,
Қаңтарда кірпік қақпаған,
Қанды айқаста сабылған.
Қалтырамас ажалдан
Қиядан тілеп өзі ұшқан,
Қырғында Отан атымен
Қамалға шауып отқа ұшқан.
Қыран бүркіт сипатты
Қияғы болат қайрылмас,
Құрыштан сомдап суарған
Құзға шапсаң майрылмас,
Қайратына көркі сай,
Қапысы жоқ сөзінде......
Өлеңдер
Толық