Қаржы | Салықтық бақылау және оның жетілдіру жолдары

Диплом жұмысының өзектілігі. Салықтар дүниежүзіндегі барлық адамзаттың өмірінде кездесіп отыратын құрал болып келеді, себебі әрбір тұлғаның сатып алатын, тұтынатын заттарының барлығының құрамында салықтың белгілі бір мөлшері тұрады, яғни салықтар кез-келген заңды немесе жеке тұлғаның өмір сүруіне керек, оның физиологиялық, әлеуметтік немесе қауіпсіздік қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында тұтынатын қызметтері, жұмыстары мен тауарларының іске асуы кезінде пайда болатын міндетті төлемдер болып келеді. Салық бүкіл қоғам үшін жасалған игілік, ал салықтық саясат экономикалық қатынастарды реттейтін маңызды құрал болып табылады. Аумақтық бюджетті қалыптастырудағы негізгі қайнар көзі-салықтардың арқасында әлеуметтік-қоғамдық бағдарламалар қаржыландырылады. Бұған мысалға қорғаныс, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік, оқу-ағарту ісі, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, құрылыс, көлік және байланыс және тағы да басқа азаматтардың мәдени-тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар жатады. Ал бұл шараларды қаржыландыру міндеті мемлекеттік бюджет, ал бюджетті үкімет әр-түрлі құралдармен басқаратын, реттейтін бірден-бір құрал болып табылады. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық