Саламатты өмір салты терең білім мен тәрбие көзі

Саламатты өмір салты - терең білім мен тәрбие көзі.
Қазақ елінің ата заңына сәйкес әрбір азаматтың саулығы - мемлекетіміздің саулығы деп есептеледі. Халық даналығы «Елім бай болсын десең – денің сау болсын» деп денсаулықтың елдік, халықтық, ұлттық, отандық мағынасына айрықша көңіл аударады. Сондықтан әр адамның «менің саулығым менің ұрпағымның саулығы» деп түсінгені абзал. Бұл орайда педагог қауымының алдында үлкен міндет тұр: дені сау, білікті де білімді, саламатты өмір сүре алатын тұлға қалыптастыру. Жан мен тән саулығы ақыл - ойдың, сананың алтын арқауы екенін бүгінгі күн де дәлелдеп отыр. Олай болса, болашақ ұрпақ салауаттылығы бүгіннен басталуы керек. Бұл бағытта балабақшамызда біршама оң істер тындырылуда. Балабақшадағы әрбір іс - шаралар осы міндетті шешуге бағытталғанда ғана саламатты өмір салтанат құрмақ.
Біз саламатты өмір салтын былайша анықтаймыз: 1) саламатты өмір салты - ол жеке адамның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан - жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру салты; 2) саламатты өмір салты - ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында аурудың алдын алу шараларының кешені. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық