Разработка системы моделирования температурного режима котла на базе SCADA-системы GENESIS32

Қазіргі таңда дүниежүзілік экономикада мұнайдың алатын орны
ерекше.Бүгінгі дамыған заманда мұнай және оның өнімдеріне деген сұраныс
күннен-күнге артуда.
Мұнайдың құрамы күрделі болғандықтан оны компоненттерге бөлуде әр түрлі
әдіс қолданылады.Атап айтсақ: айдау, ректификация, вакуумдык айдау,
адсорбция, абсорция, экстракция,каталитикалық крекинг.
Каталитикалық крекинг – мұнайдың екінші ретті өңдеу процесіне жатады.Бұл
процесс мұнайды терең өңдеп,жанармай түрлері мен мұнайхимия өнімдерін
береді.Каталикалық крекинг процесінің кең етек алуы отандық автопарктің
дамуымен байланысты.
Каталикалық крекингті басқару – тіпті оңай процесс емес.Ол келесі
жағдайлармен түсіндіріледі.
Біріншіден,қазіргі заманғы технологиялық қондырғы бір-бірімен
материалды және энергетикалық ағындармен байланысқан реактор,колонна
сияқты түрлі аппараттардан тұрады.Және операторға процестің орындалу
барысына араласу туралы шешім қабылдау үшін үлкен көлемді ақпаратты
өңдеп шығуы керек.
Екіншіден,қондырғыда өте күрделі,толық зерттелмеген физика-
химиялық процесстер жүреді.Бұл процесстерге көп жағдайда кездейсоқ
сипатты келетін ауытқулар үлкен ықпал етеді.Және де ауытқулардың бір
бөлігі тікелей бақылауға қол жетімсіз болғандықтан жақсы нәтижелерді алу
қиындық тудырада.Бұл мәселені шешуде математикалық модельдер мен
оларды қолдану әдістерін білумен қатар техникалық құрал-жабдықтар қажет.
Каталитикалық крекинг қондырғысын басқару қиындығы,оларды нақты уақыт
масштабында шешу,өңдеуді қажет ететін үлкен көлемді ақпарат-осының
барлығы каталитикалық крекинг қондырғысындағы технологиялық
процесстердің автоматты басқару жүйесін құруға себеп болды.
Бұл дипломдық жобада нақтылы үлгіде мұнайды екіншілік өңдеу өндірісінің
технологиялық үрдісінде каталитикалық крекинг қондырғысының реактор
мен регенератор блогындағы қысымды реттеуді автоматтандыру жүйелері
қарастырылады. Қажетті құрылғылар таңдалынып, математикалық модельдері
құрастырылды. Қысым реттеуіштің параметрлері анықталып, жүйе
орнықтылыққа зерттелді. Контроллер техникасын қолдану арқылы қысым
реттеу жүйесінің бағдарлама техникалық кешені құрастырылды....
Дипломная работа (бесплатно)
Толық