Педагогика | Патриоттық және интернационалдық тәрбие беру

Елбасы Н.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында Қазақстандық патриотизм саяси ерік жігер – жаңа Қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары бөлімінде « Өткен жолымыз лайықты жол болды, ал біздің бірлескен шешімдеріміз бен тындырған істеріміздің нәтижесі таңқаларлықтай болды. Мұның бәрі де жаңа жалпы қазақстандық патриотизмнің іргетасын қалап, біздің Отанымыздың, біздің барша көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыздың, біздің балаларымыздың тамаша келешегі бар екеніне негізді мақтаныш пен сенімді туындатады –деп атап көрсетілген.
Жастардың бойында қазақстандық патриотизм қалыптастыру үшін әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір-бірін танып біліп,құрметтеуі тиіс.Мектеп оқушылары қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, өз болмысында еш бұрмалаусыз танып, білуі шарт. Мектепте оқушыларының бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда ана тілі пәндерінің алатын орны ерекше. Отанды сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасатын Қобланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс тұлғалары, ақын – жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең – жырлары, шешендік сөздері оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруды маңызы өте зор. Патриоттық сезімнің обьектісі мен қайнар көзі – Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ерекшеліктер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар.Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзінен - өзі келмейтін баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім. Бұл сезім әркімде әр кезеңде оянып, кейін тәжірибемен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, балабақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар әсерімен қалыптасады. Патриоттық сезім тәрбие арқылы өсіп, жетіліп патриоттық сана түрінде қалыптасады. Сондай – ақ жеке адам өз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіруі керек.
Отансүйгіштік – қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуға мүмкіндік беретін бірден – бір күш. Өз Отанын сүю, ата заңды білу, еркін өмір сүруін қамтамасыз ету – қай елдің болсын мақсаты. Бұл қасиеттерді орындау үшін әрбір саналы азамат оны бойына сіңіріп дамытуға тиіс.
Қазақтың патриоттық, отансүйгіштік тәрбиесі – тереңнен тамыр тартқан, халқымыздың сан ғасырлық болмысының, дүние тану көзқарасының, ақыл ойы салт – дәстүр, мәдениетінің көрінісі. Осыларды бойға дарытпайынша, келер ұрпақты патриоттық отансүйгіштік тәрбиеге лайықты қалыптастырмайынша алтын бесік елін, кіндк кескен жерін қорғайтын және осы мақсат жолында бар күш – жігері мен қайратын жұмсайтын отаншыл азаматтарды, яғни, нағыз патриоттарды тәрбиелеп шығару мүмкін емес ....
Курстық жұмыстар
Толық