Информатика | Паскаль программалау тілінің ерекшеліктері және программалау элементтері

Қазіргі кезде түрлі қызмет түріне байланысты программистер сол бағыттар бойынша қолданылатын программалар құрастыруда. Сол программаларды жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінде және мәліметтер қорын басқару жүйелерінде жасайды. Сондай програмамалау тілдеріне Паскаль, Бейсик, Visual Basic, Borland Delphi, Oracle, MS Access, Visual FoxPro және тағы да басқа көптеген программалау тілдері жатады.
Курстық жұмысымның тақырыбы: “Мультипликация”. Бұл орындалатын жұмысты Паскаль программалау тілінде құрастыру керек.
Мұнда жасалатын программалық өнімде Паскаль программалау тілінің графикалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, әр түрлі анимациялар құрастыру, мультипликациялық көрініс көрсету жолдарын қарастыру керек.
Паскаль программалау тіліне келетін болсақ, бұл бағдарламалау тілі XVII ғасырда өмір сүрген француз ғалым-философы Блез Паскальдің құрметіне аталған.
Блез Паскаль 1623 жылы францияның клермон-ферран қаласында дүниеге келді. Оның орасан зор қабілетін, әсіресе математика саласынан, сонау бала кезінен көріне бастаған. Дүниеден қайтқан соң (1662 жылы) ол бүкіл әлем біркездері білген ұлы математик ретінде тарихта қалды. Ол математика облысының бір бөлігі ықтималдар теориясының негізін қалады. Математикадан басқа Паскальдің таланты физика, философия, әдебиеттану салаларынан да көрінді. Сол сияқты 1642 жылы әкесінің жұмысын жеңілдету мақсатында есептеу машинасын ойлап тапты. Оның әкесі салық жинаушы болғандықтан, бұл машина есептеу жұмыстарында өте қажет еді. Есептеу машинасы ғалымдарға белгілі болғанымен, әлемге әйгілі емес еді. Қазіргі кезде Паскальдің аты Бейсик тілі сияқты программалау тілдерінде қолданылады. Бұл тілді құрастырушы Швецариядағы жоғарғы политехникалық мектептің информатикалық институтының профессоры Никлаус Вирт болып табылады (1970 жылы).
Паскаль тілі дүние жүзіне кең тараған программалау тіліне айналды. Қазіргі кезде Паскаль тілі қолданбалы программалар жазу үшін және жүйелі программалау тілі ретінде де кеңінен қолданылады. Сонымен бірге көптеген мини және макрокомпьютерлерді қамтамасыз ету осы тілде жазылған. Паскаль тілі бұрын құрылған (Фортран, Алгол және т.б.) программалау тілдерін маңызды ерекшелігі ол құрылымдық программалау тілдерінен маңызды ерекшелігі ал құрылымдық программалау идеясын өмірге біртіндеп енгізу - Паскаль тілінің тағы бір ерекшелігі ол деректер құрылымының концепциясының алгоритм түсінігімен қатар программалаудың негізіне жатқан фундаментальды түсініктер қатарына кіруі. ....
Курстық жұмыстар
Толық