ПЕРЗЕНТ КӨТЕРУ ХАҚЫНДА

Жыныстық қатынаста еркектен бұрын әйел солығын қандырып, бойынан бірінші жіберу керек. Сосын барып қана еркекке белін босатуға рұқсат. Ал, егер керісінше болса, әйелдікі еркектікін «басып тастайтын» көрінеді. Бұл ұлды болғысы келетін жұптарға арналған кеңес.

Апа-әжелеріміздің айтатын мына бір болжамына да құлақ аспаса болмайды: әйелдің бетінде, бойында еш өзгеріс байқалмаса, іштегі шарананың ұл болғаны. Ал егер болашақ ананың ажарына қандай да бір қаяу (секпіл, дақ, т.б.) түссе, қыз бала жарық дүние есігін ашпақ дейді. «Ұл – ананың ақылын, қыз - ананың ажарын алады» деп дәлелдеп те береді.

Мына бір үрдіс көп елдерде әлі күнге бала жынысын анықтауға себін тигізіп келе жатыр екен. Берлин қаласының бір мұражайында сақталған ежелгі мысырлықтардың папирусында былай деп жазылыпты: «Жүкті әйелдің зәрімен арпа мен бидайды өсіру арқылы бала жынысын анықтауға болады. Егер бірінші болып арпа бүр жарған болса, өмірге ұл келеді. Бидай өсіп шықса, дүниеге қыз бала келеді». Бұл әдісті зерттеген ғалымдар 80 пайызға анық келетіндігіне көз жеткізді.......
Кеңестер
Толық