Ойлайық та ойнайық

Білімділік: балаларды ойын арқылы сабақтастыра отырып түстерді ажыратуға, пішіндерді ажыратып орналастыра білу шапшаңдылыққа үйрету, жоғары - төмен, көп - аз ұғымдарын қалыптастыру.
Дамытушылық: Уақыт мезгілін үйрету, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: математикалық ұғымдарды қалыптастыруға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: демонстрациялық материалдар, уақыт мезгілінің суреттері.
Сөздік жұмыс: тәулік, сан
Қостілдік: күз - осень, таңертең - утро, күндіз - день, кеш - вечер, түн - ночь.

Мотивациялық - қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
- Тәрбиеші, жыл мезгілдері, ерекшеліктері жайында сұрайды.
- Қазір қай мезгіл?
- Күздің қандай ерекшелігі бар?

Ұйымдастырушылық - ізденістік
- Балалар, орманшы атай бізге себет беріп жіберіпті, себеттің ішінде не жатқаны жұмбақты шешу арқылы біле аламыз.
1. тиіскенді түйреген,
Киімі бар инеден.
2. Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады.

Тосын сәт: Кірпі мен қоян шығып балалармен амандасады.
- Балалар, олардың қарындары аш екен, сүйікті асын сыйлайық.
- Кірпі нені жақсы көреді, ал қоян ше?
- Олай болса кірпіге алма, қоянға сәбіз сыйлайық.
- Балалар кірпіде неше алма? (2)
- Қоянда неше сәбіз? (1)
- Ненің асы көп?.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық