Дене шынықтыру | Морфофункционалдық ерекшеліктеріне аэробтық және анаэробтық жаттығулардың әсері

Бағдарламаның мақсаты: эпиопатогенезді, ауру белгілері ерекшеліктерін, соматикалық және хирургиялық патология кезіндегі органдардың морфофункционалдық күйін зерттеу негізінде балалардың ауруы мен өлімі деңгейін төмендету, созылмалы ауруға айналудың алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің негізгі ауруларын анықтау мен емдеу тиімділігін арттыру.
Институт базасында 14.00.09 – педиатрия, 14.00.35 – балалар хирургиясы мамандықтары бойынша доктор (канд.) дисс. қорғау кеңесі жұмыс істейді. 1994 жылдан бері 82 ізденуші канд., 12 ғалым доктор дисс. қорғады.
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми ортаның қызметкерлерінің соңғы жылдары ғана 1026, соның ішінде шет елдерде – 252 ғыл. еңбегі жарық көрді; 72 өнертабыс патенттері алынып, 45 әдістемелік нұсқау баспадан шығарылды.
Физиология және еңбек гигиенасы институты. 1958 жылы Қарағанды қ-нда Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар институты ашылды. 1984 жылы бұл институт Қазақстан ҒА-ның Орталық Қазақстан бөлімшесінің құрамына енді. Институтта 9 лабораторияны біріктіретін 3 бөлім бар. Олар: еңбек гигиенасы, экология, гигиена және кәсіби патология бөлімдері. Ғылыми-зертеу жұмыстарының негізгі бағыттары: өнеркәсіптік экология, антропогендік патология, өндірістік және қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларына организмнің бейімделуі. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық