Тақырыбы: Достық неден басталады Мақсаты: «Дос», «достық» құндылығы туралы түсінік беру. Дамытушылығы: Достарға деген мейірімді қарым - қатынасқа үйрету. Тәрбиелігі: Адал дос, достаса білуге тәрбиелеу.. Әдіс - тәсілі: көрсету, әңгімелеу, дәйексөз, сұрақ - жауап, дәптермен жұмыс, қорытындылау. Көрнекі құралдар: тақырыпқа сай суреттер, дәптер, хрестоматия, жүрекшелер.
Шаттық шеңбер Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме балалар? Амансыңдар ма достарым! Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Шеңбер арқылы сәлемдесеміз. Балалар: Сәлеметсіз бе. Балалар: Сәлеметсіз бе Сәуле? Мен сенің досыңмын. Сәлеметсіз ба Жарас? Мен сенімен достасқым келеді.
Әңгімелесу Тәрбиеші: Балалар біз «Өзін - өзі тану әлемінің» картасындағы екінші аялдамаға назар аударайық. Суреттен не көріп тұрмыз. Бұл аялдамадағы суретке әңгіме құрастырады. Балалар: Бұл суреттен бір - біріне қамқор, тату, адал достарды көріп тұрмыз. Біз осы «Өзін - өзі тану әлемінің», « достық» аялдамасының дос, достық туралы біліп, бір - бірімізбен достасуды үйренеміз. .....