Тарих | Менің Отаным Қазақстан

МЕНІҢ Қазақстаным! Бұл сөзді жайбарақат айта салу қиын. Тіпті, мүмкін емес десе де болады. Оны айтқанда бойыңды ерекше сезім билеп, санаңда әлдебір жалқын сәуле жалт еткендей әсерге бөленесің.
Оны естігенде ел мен жерге деген махаббат, туған халқың мен туған топырағыңның алдындағы перзенттік парыз жайлы ойлар жадыңа оралады. Одан өміршеңдік пен өрлікке, опти¬мистік пен жасампаздыққа бастайтын айбынды азаматтық рух сезіледі.
Менің Қазақстаным! Бұл – жігеріңді жанып, жүрегіңді баурайтын аса әсерлі сөздер. Оны ауызға алғанда кіндік қаның тамған киелі жермен, оның өткенімен, бүгінімен және ертеңімен тәңірлік байланыстылығың, табиғи біртұтастығың еске түседі.
Оны айтқанда өзіңді арқаңды Алатауға тіреп тұрғандай тәкаппар да сенімді, алдыңда Сарыарқаның сар жазирасындай шетсіз де шексіз ұлы жол жатқандай еркін, ару Ақжайықтың әбілхаят суымен тазарғандай тұнық та сергек сезінесің.
Оны тыңдағанда құлағыңа киелі көк бөрінің тау мен тасты күңіренткен салқар сарынын, сағым қуып, самал желмен жарысқан сәйгүлік тұлпар-лар¬дың тұяғының дүбі¬рін, қыран қанаты¬ның ғаламат суы¬лын естігендей бо¬ласың. Қарлы шың¬нан қияға көз сал¬ған қанатты барыс¬тың тоятын таппай тоқтамас тегеурінді қимылы көз алдыңа келеді.
Менің Қазақ¬станым! Бұл – қазақ деген көнбіс те қайсар халықтың жүрек сөзі. Барша әлемге ашық, бар дүниесін тек қызығына шашу үшін жинайтын, қонағын құдайындай сыйлайтын, “көрші хақы – тәңірі хақы” деп есептейтін, аузын ашса, жүрегі көрінетін аңқылдаған ақадал ұлттың жан тебіренісі.
“Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы” деген ізгі де асқақ даналықты өмірлік кредосына айналдырған, “Еңкейгенге еңкей – ол атаңның құлы емес, шалқайғанға шал¬қай – ол құдайдың ұлы емес” дейтін тәкаппар да текті елдің серті бар онда. ....
Рефераттар
Толық

Менің Отаным - Қазақстан

Қазақстан. Отаным. Мен үшін ең биік тұратын тұғырлы, бірлігі жарасқан ел. Қаншама қиыншылық көріп, тәуелсіздігімізден айырылған күнде де, жасымады, намысын қайрап, алға жүрді . Тәуелсіздігіміздің жолында көп нәрсе құрбан болды. Бірақ, бұл есіл еңбек құр кетпеді. Қазіргі күнде бірлігі жарасқан, тәуелсіз, алға қарай қаз-қаз қадам болып келе жатқан елміз.
Мен өз елімді мақтан тұтамын . Біздің болашағымыз әлі алда деп ойлаймын. Әлі де болса көп туымыз желбіреп, елтаңбамыз төрден орын тауып, ал әнұранымыз биіктерде шырқалып, еліміз дами берер деп ойлаймын.......

Шығармалар
Толық