Экономика | Меншік заңдары меншік түрінің эволюциясы

Экономикалық теория және қоғамдық практика үшін бүгінгі күні аса маңызды өзекті мәселелердің бірі - өркениетті рыноктық қатынастардың негізін қалаушы меншік жүйесінің түбірлі өзгерістері болып табылады. Адамзат қауымының әлеуметтік дамуының бүкіл тарихында шешуші орын алатын, соған сәйкес іс-әрекет ететін әлеуметтік құралдардың бірден-бірі меншік құбылысы.
Меншік экономикасының және экономикалық теориясының ең маңызды, әрі күрделі категориялары мен мәселелерінің қатарына жатқызылады. Меншік бүкіл қоғамдық қондырғыны қамтитын объективтілік қатынас ретінде экономика, құқық бойынша ойшылдарды бұрында қызықтырған. әртүрлі өркениет өкілдері “Экономикалық билік кімге тиеселі?” деген сұрақтарға әрқашанда көңіл бөлген. Адамдардың тіршілік жағдайларына бірегей меншік кез-келген экономикалық құрылымның, яғни бүкіл ұлттық шаруашылықтағы өзара тәуелділіктердің тірегін қалыптастырады. Осы өзара тәуелділіктерді қолдау және нығайту үшін қоғам мүшелері белгілі бір тәртіп ережелеріне бағынуы тиіс. Мұндай талап ережелер сәйкес құқықтық заңдар мен нормаларда көрсетіледі. Оларды мемлекет бекітіп өзінің билігі шеңберінде қолдайды, әрі қолданады.
Біздің дәуіріміздің ерекше этапы XX ғасырдың 20 жылдары басталған социалистік эксперименттердің ғасырдың соңына қарай бұрынғы Кеңестер Одағы және Шығыс Еуропа елдерінде дағдарысқа ұшырап, тарихи сахнадан кетуімен анықталады. Жетпіс жылдан астам кеңестік дәуір тарихымыздың жалғасы іспетті орасан зор қоғамдық күйзелістен шығудың бірден-бір жолы рыноктың экономикасын қалыптастыру болып табылады. Бұл жолда меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру аса маңызды қатынастар жүйесіне бұрын-соңды болмаған әлеуметтік өзгерістерді алып келді. Экономикалық теория ғылымы тұрғысынан қоғамдық құрлыс дағдарысынан, әміршілдік экономикалық жүйеден туындайтын, прогрессивті дамуға кедергі келтіріп жүрген “байырғы” үлгілерге жататын бірқатар мәселелер бар. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық