Әдістеме | Мектептің тәрбие жүйесі

Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогика құбылыстарын, олардың өзара байланысын танимыз. Педагогикада "Мақсат", "Құрал", "Тәсіл", "Даму" және "Қалыптасу" сияқты ұғымдар да кездеседі. Олар барлық ұғымдарға ортақ ұғымдар.
Педагогикалық ұғымдардың бірі - тәрбие. Тәрбие ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсінушілер де бар. Олар баланы пассивті объект түрінде қарастырады. Ондай жағдайда ол педагогикалық процестің субъектісі бола алмайды, яғни өздігінен ойланып, белсенді іс-әрекет жасау рөлін атқармайды. Бұл бір жақты анықтама.
Тәрбие баланың өздігінен табиғи және еркін дамуы үшін жасалатын жағдай деп анықтама берушілер де кездеседі. Олар балаға толық ерік беруді талап етеді. Сөйтіп тәрбиенің ролін бүркемелеп, елеусіз қалдырады.
Кейбіреулер тәрбиені практикалық тұрғыдан бір-жақты жалаң тәжірибеге сүйеніп түсіндіреді. Оларды прагматиктер дейді. Олар баланы жұмыс қалпына бейімдеуді талап етеді. Бала өзінің күнін көруге пайдасы бар білімді, іскерлікті және дағдыны ғана меңгеруі қажет. Осыдан барып бала жеке басының қамын ойлап өзімшілдік мүддесін қанағаттандырады деп дәлелдейді. ....
Рефераттар
Толық