Жұмбақтар жауабымен: Мамандықтар (шаштараз, аспаз, агроном, мұнайшы, журналист, футболшы)

Екі шекпен күмбірлеп,
Көңіл сазын сапырады,
Тұлпар шабыс дүмбірлеп,
Желпіндіріп отырады.
Күйші

Отан үшін жан беріп,
Жоғалтқанмен ол атын.
Жүрегі бар мәңгілік,
Халықпен бірге соғатын.
Белгісіз солдат

Құрып қойып өрмегін,
Ұршықтарын ойнатып.
Сәнді мата өрнегін,
Жасайтын кім жайнатып?
Тоқымашы
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Мамандықтар

Білімділік: Әртүрлі мамандықтармен таныстыру, дәрігер, тәрбиеші, аспазшы, құрылысшы, ғарышкер, жүргізуші мамандықтарының маңызымен таныстыру, мамандықтарға қызығушылығын арттыру, олардың еңбегін көрсету.
Дамытушылық: Шығармашылығын дамыту. Балалардың дүниетанымын жан - жақты дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды мамандардың еңбегіне қызығушылығын арттырып, еңбекті құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, дәрігер, тәрбиеші, құрылысшы, аспазшы, ғарышкер, жүргізуші, тігінші, аспазшы.
Әдіс - тәсіл: Сұрақ - жауап алу, түсіндіру, көрсету, ойнату, бағалау,
мадақтау.
Билингвалды компонент: мамандықтар - профессии, дәрігер - доктор, аспазшы - повар, құрылысшы - строитель, ғарышкер -космонавт, тәрбиеші - воспитатель. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық