Реферат: Философия | Көне Греция философиясы

Ежелгі Греция философиясының ерекшеліктері.
1) Грек философиясы мифологиямен тығыз байланысты дамыды, бірақ ғылыммен байланысы басымырақ болды.
2) Грек философиясы өзінің рухани бай мазмұнымен, жүйелі дамуымен антикалық өмірдің басқа салаларынан әлдеқайда асып түсті.
3) Грек философиясының пайда болуына және дамуына сол кездегі грек қоғамының саяси, экономикалық, географиялық ерекшеліктері және грек халқының ұлттық ерекшеліктері айқындаушы әсер етті.
4) Толыққанды өмір адамдардың бойында еркін ойлау дәстүрін қалыптастырды, демократияның отаны болған Грецияда аса жарқын философиялық ойлар дамыды, философиялық пайымдау жүргізушілер саны да өте көп боды.
Көне Греция философиясының негізгі даму кезеңдері мен мектептері:
Антикалық философияның алғашқы ошақтары: біздің дәуірімізге дейінгі VII –VI ғасырларда Кіші Азияның батыс жағалауы Иония, Оңтүстік Италияның грек қалалары, Сицилия аралдарының қалалары және Афина.
Көне Греция философиясының дамуын салыстырмалы түрде үш кезеңге бөлуге болады:
1) Табиғат философиясы (натурфилософия) кезеңі - Милет мектебі. Фалес, Анаксимандр, Анаксимен және олардың шәкірттері дүниенің алғашқы бастауы мәселесін қарастырды.
2) Грек философиясының ең мазмұнды кезеңі. Сократ, Платон, Аристотель грек философиясын өте биік деңгейге көтеріп, зерттеу өрісін кеңейтті. Адам мәселесі, физика, метафизика, этика, логика, саясат, табиғат эстетикасы мәселелері терең зерттелді.
3) Біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырдың соңынан бастап Грецияның ыдырауы, грек демократиясының құлдырауы, грек полистерінің саяси тәуелсіздігінің жоғалуы бүкіл грек қоғамының рухани өмірінің, философиясының дағдарысына әкелді. Осы кезеңде философияда өмірдің мәні, өмір және өлім мәселелері көбірек зерттеліп, скептицизм, эпикуреизм, стоицизм бағыттары дүниеге келді.
Көне Греция философиясының негізгі өкілдері.
Милет мектебінің өкілдері Фалес, Анаксимандр, Анаксимен және тағы басқа ойшылдарды ғылыми білімнің негізін салушылар деуге болады. Бұл натурфилософтарды біріктіріп тұрған пікір - субстанцияны олар материалдық нәрсе ретінде: Фалес - су, Анаксимандр - апейрон, Анаксимен - ауа деп түсіндірді. Осыған ұқсас пікір Элея мектебінің өкілі Гераклитте де кездеседі. Оның ойынша, дүниенің бастауы - от, табиғат ешқашан күйремейді және ешқашан пайда болмайды, дүние қарама-қарсылықтардан тұрады. ....
Подробнее