Көлеңке сатып алған жігіт

Бұрын белгісіз бір ауылда қанағат дегенді білмейтін тойымсыз бай өмір сүріпті. Неге сондай қанағатсыз екені белгісіз, өмірінде басқа адамға бірде-бір рет көмектеспеген  екен. Бай үйінің тура алдында бір ағаш өсіп тұрады. Жаз болса сол талдың түбінде бай өзі көрпеше төсеп, жатып демалғанды ұнататын. Сол ауылда бір ақылды, жаны таза, жас бойдақ жігіт тұрып жатады. Бір күні әлгі бойдақ жігіт сырттағы күріш алқабында жұмыс жасап жүреді. Күн қатты ыстық болған соң, ол әлгі бай үйінің алдындағы талдың көлеңкесіне барып жайғасады. Тал көлеңкесінде ұйықтап жатқан байдың жанына барып, бойдақ жігіт тынығып жатады. Бір кезде демалып жатқан әлгі бай оянып:

— Ей, ақымақ, сен біреудің көлеңкесінде демалып....

Ертегілер
Толық

Көлеңке

Күн күйдіргеннің көкесін ыстық елдерде көресің! Ондағы адамдардың өңі күп-күрең болып, ал ең ыстық елдерде қап-қара, негр тәрізденіп кетеді.

Ауа райы салқын елде тұратын бір ғалым ыстық елге келді. Ол бұл жерде де өз еліндегідей көше кезіп жүгіріп жүретін болармын деп ойлап еді, бірақ ондай мүмкіндіктің жоқтығына лезде-ақ көзі жетті. Ол, барлық ақылды адамдар сияқты, үйден аттап шықпай отыруға мәжбүр болды, ал аялдаған бөлмесінің есігі мен терезелерінің қақпақтары ұзақ күн бойы жабық тұрды. Бейне тірі жан түгел ұйықтап жатқан тәрізді немесе үйде тірі пенде жоқ сияқты. Ол тұратын көшеге биік-биік үйлері бар, тап-тар көшесымаққа таңертеңнен кешке дейін күннің көзі түсіп тұратын еді, мұның өзі адам айтқысыз азап болатын.......
Ертегілер
Толық