Экономика | Кәсіпорынның инвестициялық жобасы бәсекеге қабілеттілігін арттыру құралы ретінде

Әлемде жиырма бірінші ғасырдың аяқ басуымен экономикалық өзгерістер процестер жалғасуда. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайды тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді жүргізе бастады. Қазақстан Халықаралық валюта қорының мәліметтері бойынша ТМД елдерінің ішіндегі жан басына инвестиция тарту көрсеткіші бойынша алғашқы орындардың бірін алып отыр. Нарықтық экономикаға көшуге байланысты әлемдік тәжірибеде экономиканы тұрақтандырудың негізгі факторы болып шетелдік инвестицияны тарту болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес 1994 жылы 27 желтоқсанда «Шетелдік инвестиция» туралы Қазақстан Республикасында арнайы заң қабылданды. Қазіргі кезде инвестицияның көлемі жыл сайын өсуде. Бұл Қазақстан Республикасы үшін экономикалық және саяси жағынан маңызды болып табылады.
Инвестициялық іс-әрекет – кәсіпорын жүргізетін құрылымдық саясатымен тығыз байланысты. Құрылымдық саясат экономиканың дамуының негізгі бағыттары мен қызмет етудің жаңа ресурс үнемдеуші, жоғары технологиялы және экологиялық дұрыс моделіне көшумен анықталады. Кәсіпорынның инвестициялық іс-әрекетінің басты механизмінің бірі – инвестициялық жобалаудың тиімділігі болып табылады. Инвестициялық жобалаудың тиімділігі кәсіпорын экономикасының тиімділігін реттеу құралдарының басты комплексі болып табылады. Олар мемлекеттік бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан құралады.
Сапа және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі проблемасы қазіргі кезде әмбебап сипатқа ие. Кез келген елдің экономикалық және әлеуметтік өміріндегі көп нәрсе аталған проблеманың қаншалықты табысты шешілетіндігіне байланысты. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі проблемасын қарастырғанда өнеркәсіп кез келген елдің экономикалық әлеуетінің негізі болып табылатындығын атап көрсету керек. Тек бәсекеге қабілетті өнеркәсіп қана экономиканың тұтастай алғандағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете алады. Қазіргі жағдайларда кәсіпорынның нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі өндірістің тиімділігін, басқару жүйесінің тиімділігін бағалаудың басты өлшемдері болып табылады. Жалпы кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесі төмендегідей:
• бәсекеге қабілеттілік деңгейін нақты нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігі көрсеткіштері бойынша орташа алғандағы мөлшер ретінде санау керек;
• инвестициялық жобалардың тиімділігіне, ұйымдар қызметінің тиімділігінен нақты тауарлардың нақты нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан дербес талдау жүргізу;
• кәсіпорынның жұмыс істеуінің тұрақтылығы көрсеткішін дербес есептеу.
Кәсіпорынның инвестициялық жобасын талдау – бұл өте маңызды және күрделі үрдіс. Кәсіпорында инвестицияны салу терең экономикалық талдау жүргізу арқылы негізделіп жоспарлануы тиіс. Инвестициялық жобалауда төменде келтірілген ереже ....
Курстық жұмыстар
Толық