Экономика | КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАЙ КҮЙІН БАҒАЛАУ

Ғылымның көптеген салалары, жалпы Қазақстан Республикасының экономикасы сияқты шаруашылықты жүргізуді талдау да көп өзгерістерге ұшырады. Нәтижесінде, соңғы жылдары шаруашылық қызметін талдау қаржылық және басқарушылық болып бөлінді. Оның негізі бухгалтерлік есептің қаржылық және басқарушылық бөлімдері болып табылады.
Қаржылық талдаудың мақсаттарының бірі кәсіпорынның қаржылық жай- күйін бағалау болып табылады. Өйткені кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның қаржы қаражаттарын қалыптастыру және қолдану процесін сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығымен сипатталады. Ал бұл нарықтық экономикада кәсіпорынның қызметінің соңғы нәтижесін көрсетеді. Қаржылық талдау кәсіпорындағы қаржы менеджерлерінің серіктестермен, қаржылық – несиелік жүйемен, салық органдарымен және т.б. құрылған экономикалық қатынастардың маңызды элементі болып табылады. Бұл кәсіпорынның қаржылық жай-күйін бағалаудың маңызын көрсетеді және де бұл мәселе дамыған нарықтық экономикаға көшу барысында біздің елдің көкейкесті проблемасы болып табылады.
Осы курстық жұмыстың міндеттері қаржылық талдаудың міндеттерімен сәйкес келеді. Олар:
 Кәсіпорынның қаржылық жай- күйін сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау;
 Кәсіпорынның қаржылық жай- күйіне әсер ететін факторларды анықтау;
 Кәсіпорынның қаржылық жай- күйін сипаттайтын көрсеткіштердің сандық және сапалық өзгерістерін бағалау;
 Белгіленген күнге кәсіпорынның қаржылық жай- күйін бағалау;
 Кәсіпорынның қаржылық жай- күйінінің өзгеру қарқынын анықтау.

Бұл жұмыс екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімінде кәсіпорынның қаржылық жағдайының мәнімен таныстырып, қаржылық жағдайды бағалау кезінде қолданылатын көрсеткіштерді, олардың ақпараттық негізімен тоқталамын. Және де қаржылық жағдайды бағалау әдістерін анықтаймын. Курстық жұмыстың екінші бөлімінде кәсіпорынның қаржылық жай – күйін талдаудың негізгі көрсеткіштерін толық ашып, сол көрсеткіштер негізінде «Барлау- Өндіру «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның қаржылық жай- күйін бағалаймын.
Менің жұмысымның мақсаты нақты кәсіпорынның («Барлау- Өндіру «ҚазМұнайГаз» АҚ) қаржылық жай- күйін жалпы түрде бағалау болып табылады. Сонымен қатар, тек сандық жағынан емес, аналитикалық көзқарас жағынан да жүргізуге тырысамын. Яғни 31/12/2003 – 31/12/2004 кезеңіндегі нақты сандық өзгерістерге сипаттама беремін. ....
Курстық жұмыстар
Толық