Қаржы | Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың маңызды құрылымдарының бірі. Банктер қаржылық делдалдар ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтың жинақтауларын және басқа бос ақша құралдарын тартады, және оларды қарыз алушыларға уақытша пайдалануға береді, ақшалық есептесулерді жүргізеді және басқа да алуан түрлі қызметтерді көрсетеді. Оcының нәтижесінде өндірістің тиімділігіне және қоғамдық өнімнің айналасына ықпал етеді.
Соңғы жылдары ақша нарығы мен капитал нарығының қалыптасуының қарқынды үрдісі жүріп жатыр. Капитал нарығының дамуы жинақтауларды мобилизациялау мен ақша құралдарын инвестициялаудың өзара байланысты үрдісін жетілдірусіз мүмкін емес. Жинақтаулар табыстар мен тұтыну арасындағы айырма болып табылады.
Инвестициялар – табыс алу мақсатымен ақша қаражаттарының салымдары.
Өзінің қызметінің үрдісінде банк аудиториялардың әртүрлі типтерімен байланысқа түседі: бәсекелестермен, клиенттермен, мемлекетпен және тағы басқалармен. Бұлармен банк пайдасын оңтайландыру мақсатымен байланысқа түседі.
Банктер банктік қызметтер нарығында қызмет ете келе қаржылық ресурстардың өтімділігі мен табыстылығын оңтайлы ұштастыруды, банктердің атағын қалыптастыру мен қолдауды қамтамасыз етуге ұмтылады. Өз кезегінде, банктің жақсы атағы, әйгілі болуы осы банкке келетін клиенттердің санына ықпал етеді.
Банктің клиенттермен қарым – қатынастары банктік өнімдерді сатып алу – сату үрдісінде қалыптасады. Олар мыналарды қамтиды: несиелерді беру, депозиттік шоттарды ашу, бағалы қағаздарды шығару, сатып алу немесе сату бойынша операциялар, валюталық қарым – қатынастар, есептесу операциялары, сондай-ақ траст қызметтері және тағы басқалар.
Қазақстанның жетекші коммерциялық банктері өздерінің табыстылығын кеңейту үшін, өтімділік пен бәсеке қабілеттілігін жоғарлату үшін өздерінің клиенттеріне көрсететін қызметтері мен операцияларының көлемін кеңейтуге тырысады. Банктік қызметтер клиенттер үшін қолайлы бағамен, ал банк үшін минималды шығындармен ұсынылуы керек.
Өзгермелі экономиканың қалыптасатын қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін банктік қызметтер жүйесі тиімді және икемді болуы керек.
Сонымен қатар банктік қызметтер нарығындағы бәсекелестік қызмет көрсетудің сандық және сапалық сипаттамаларына әсер етеді.
Қарқынды дамушы ақпараттық технологиялар ғасырында барлық банктер жаңа қызметтерді ендіруге және дәстүрлі қызметтерді жетілдіруге тырысады.[sup][/sup] ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары

Егеменді Қазақстан Республикасы басынан шиленістер мен аңғалдықтарды аз кешірген жоқ. Ендігі таңда еліміз тұрақталып, шаруашылық белсенділікке түсуде. әрбір мемлекеттің деңгейі мен негізін анықтауда экономика негізіде қажетті рөл атқарады. Оның әрбір саласын сәйкестілікпен жұмылдыру маңызды іс болып табылады.
Тәуелсіздікті алғаннан бері Қазақстан Республикасында қаржы делдалдар функцияларын орындайтын қаржы институттары қалыптасты. Әрбір елдегі нарықтық қатынастардың маңызды бөлігін қаржы институттары құрайды, яғни банк тараптары басты рөл атқарады.
Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі оның аумағында КСРО несиелік жүйесінің филиалдары мен бөлімдері жұмыс жасады. Жетпіс жыл бойы республикадағы несиелік - банктік қызметте қатаң орталықтандыру және шоғырландыру, әкімшілдік ұсақ регламенттік әдістері орын алып, бір деңгейлі банктік жүйе қызмет етті. Банктер нарықтық экононмикада делдал болып табылады және қоғамның барлық капиталын иеленетін монополистерге айналды.
Банктердің нарықтық экнонмикадығы рөлі мемлекеттік меншікті реформалаудағы, инфляцияны төмендетудегі және тағы басқа байланысты экономиканы басқару орган ретінде көрінеді.
Қазақстанда банктік реформаны жүргізу нәтижесінде екі деңгейлі банктік жүйе құрылды. Ұлттық банк (жоғары деңгей) және коммерциялық банктер (төменгі деңгей).
Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер тарабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
Қоғамның барлық даму деңгейінде оның белсенділігі коммерциялық банктердің іс-әрекетімен сабақтасып, байланысып отырады. Көптеген несиелеу, жинақтау, ақша қаражатын шоғырландырып, есеп жұмыстарын жүргізетін бірден-бір орын - бұл коммерциялық банк.
Қазіргі кезде коммерциялық банк – заңды тұлға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депозиттік, кассалық, аударымдық, есептік, ссудалық және басқа да операциялар орындайтын коммерциялық ұйым.
Менің курстық жұмыста қарастырып, зерттеп отырған тақырыбым – Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері, олардың қызметтері мен операциялары. Бұл жұмыста менің негізгі көздеген мақсатым - коммерциялық банктердің түпкілікті мәнін, типтерін қарастырып, оның ұйымдастырылу құрылымының ерекшеліктерін, қызметтері мен операцияларына талдау жүргізіп, еліміздегі банктердің даму белгілерін зерттеу. ....
Курстық жұмыстар
Толық