Экономика | Коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялары

90-шы жылдардың экономикалық тәжірбиесі дәлелдегеніндей шаруашылықты жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және одан әрі дамытудың басты құралы- бағалы қағаздар екені ақиқат. Бағалы қағаздар ақша түріндегі капитал да, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншікті акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері- халықтын меншігіне айналдыруы мүмкін. Бағалы қағаздар нарығы өзіне тән қаржы институттары жүйесі қалыптасып, оларда экономикалық өрістеудің қаржы көздері қалыптасып жатыр.
Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар нарығын құру және одан әрі өрістеу мақсатында қажетті шаралар жасауда. Қазақстан Республикасындағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі элементерін құру процесін жеделдетті. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизімдерінің бірі-акция шығаруды пайдалану мүмкіндігін ашты. Бағалы қағаздар нарығының механизімі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алу мүмкіндігі туды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрі, тиімдік жағдайда алуға мүмкіндік берді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмисияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен шұғылданады.
Коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздар эмитенті ретінде қатыса алады. Олар акция және облигациялармен қатар вексельдер, депозиттік және жинақтаушы сертификаттар және тағы басқа бағалы қағаздарды шығара алады. Сонымен қатар инвестор ретінде, олар бағалы қағаздарды өз атынан және өз есебінен сатып ала алады. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары ретінде, брокерлік және дилерлік сонымен қатар депозитарлық және сенімділік қызметін жүзеге асырыды.
Банктің акциясы мен облигациясы біздің Қазақстан Республикасында жоғарғы қажеттілікке ие емес, жалпы әлемнің қаржы нарығында жоғарғы орын алса да, біздің елімізде бағалы қағаздар нарығы әлі де даму үстінде.Нарыққа жаңа вексельдік бағдарламалардың енуіне коммерциялық банктер айтарлықтай үлес қосуда. Бұл жерде көбінесе коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметі туралы жазылды.
Менің курс жұмысымның мақсаты коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізетін операциялары және бағалы қағаздарды шығару жағдайлары және коммерциялық банктердің бағалы қағазар нарығындағы қызметі қарастырылған.
Бұл мақсаттарға жет үшін мен келесідей жағдайларды қарастырдым:
Бағалы қағаздар нарығының мәні мен мазмұны, түсінігі ....
Курстық жұмыстар
Толық