Агрономия | Картоп дақылы

Жабайы картоп осыдан 13 мың жыл бұрын Оңтүстік Американың Чилий жағалауында өскен деген мағлұмат бар, яғни жер шарындағы ауыл шаруашылығының дамуынан бұрын өскен.
7 мың жыл бұрын картопты Анд тауының маңында мекен еткен оңтүстік американдық халықтар еккен.
Оңтүстік Америкадан картопты осыдан 400 жыл бұрын Испанияға алып келген. Ал Ресейге ұлы Петрдің басшылық еткен жылдары алып келінген және одан әрі дамыған. Ал Америкаға картоп Еуропадан әкелінген.
Әлемде әр жыл сайын 100 млрд АҚШ доллар есебінен картоп егіледі. Өте дәмді әрі қайталанбас тағамдық азық ретіндегі картоптың құрамында: көмірсу, протеин, дәрумен, минералды тұздар болады. Оның түйнегінде жұмыртқаның ақуызының құнарындай болатын 15-тен 30 %-ға дейінгі құрғақ заттар болады.
Адам ағзасына крахмалмен бірге түсетін көмірсулар энергия көзі болып табылады. Картоп протеины алмастырылмайтын амин қышқылымен қамтамасыз етеді.
Жаңа қазылып алынған картоп түйнегінде көптеген дәрумендер кездеседі. Картоптың 200-300 граммын қолдана отырып біз С дәруменінің бір күндік нормасын аламыз. Бұл дәруменді көптеген аурулардың алдын алу ретінде қолданады. Жүзім, қызыл алша, алманың кейбір сорттарының құрамында болатын С дәрумені картоптың құрамында әлде қайда көп кездеседі. С дәруменінен басқа адам ағзасына өніммен бірге В, А, РР және К дәрумені түседі. В дәрумені жүйке жүйесі және қан айналым ауруларының алдын алады; ал А, РР, жэне К дәрумендері ағзаның дұрыс дамуына өз септігін тигізеді.
Әсіресе құрамында лимон, аскорбин және барлық алмастырылмайтын амин қышқылдары бар картой шырыны өте құнды болып табылады.
Сонымен қатар картоп түйнегіндегі минералды тұздар бізді бірқатар құнды элементтермен: кальциімен, темірмен, йодпен, күкіртпен қамтамасыз етеді.
Бұл тұздар өз кезегінде адам ағзасын созылмалы асқазан ауруларынан, қан аздықтан, гастриттен қорғайды.
Картоп – көп жылдық шөптесін өсімдік. Ол вегетативті жолмен көбейеді, нақтырақ айтқанда түйнегімен (бүтін және кесілген түйнегімен) көбейеді. Әдетте картоп бүтін түйнегімен көбейетін бір жылдық өсімдік ретінде қолданылады. Селекция саласында жаңа сортты шығару мақсатымен соңғы он жылда және әртүрлі картоп шаруашылығымен айналысатын елдерде, сонымен қатар Ресейде картопты генеративті жолмен көбейту әдісін қолданады. Картоптың халық шаруашылық маңызы зор. Ол адамға тамақ, малға азық ретінде қолданылады. Отанымыз картоп егісінің көлемі және картопты қай аймақта болмасын өсіруге мүмкіндік береді, соған қарамастан қндірілетін картоптың мөлшері республика халқының қажетін толық өтей алмауы мүмкін. ....
Курстық жұмыстар
Толық