Қазақша ертегі: Зерделі

Баяғыда Зерделі дейтін шешен, білгір адам болыпты. Бір күні Зерделі бір топ жолдастарымен жиһан кезіп келе жатып, бір қарияға кездесіпті. Сәлемдесіп, жөн біліскеннен кейін қария Зерделіге:
- Әкең Қазақбайды білуші едім. Үш түрлі бала туады: бір бала әкесінен өте туады, бір бала әкесіне жете туады, енді бір бала бар, ол кері кете туады. Сен соның қайсысы боласың? - деп сұрапты.
- Ата, өте туған бала боларымды алдағы өмірім білер, кері кете тудым ғой деп білем, - депті. Қария тағы бір сұрақ беріпті.
- Балам, өтірік пен шындықтың арасын өлшедің бе? - депті.
- Өлшедім өтірік пен шынның арасы төрт-ақ елі, - деп, бала оң қолының төрт саусағымен көз бен кұлақтың аралығын басыпты.
Қария:
- Балам, ақыл кімнен шығады, асыл неден шығады, қанат неден шығады....
Подробнее