Қазақ әдебиеті | Жәлменде Байшығашұлы

Жәлменде Байшығашұлы (1846, Алматы облысы Қаратал өзенінің төменгі сағасы — 1901) — би, шешен. Ұлы жүз құрамындағы жалайыр тайпасының арықтыным-байшегір тармағынан шыққан. Жәлменде 12 жыл болыс, 9 жыл би болған. Қоянды жәрмеңкесінде Абаймен кездесіп, жақын танысады. Ұржарда өткен 7 уезд өкілдері бас қосқан съезде түйіні қиын мәселелерді шешуге Абай Жәлмендені шақыртады. Жол аяғы қашықтықтан 2 — 3 күн кешігіп барғанымен, съезді Жәлменде би ашады. Съезде хатшылықміндет атқарған Абай Жәлменденің сөздерін уезд бастығы Лосовскийге аударып отырады. Уезд бастығы осы жиында Жәлменденің басшылығымен шығарылған ережені өзгеріссіз бекітіп, оған атқарған адал еңбегі үшін алтын медаль береді. Жәлменде қырғыз Шәбден төре, қазақ халқының белгілі адамдары Бөлтірік шешен, Маман бай, Есімбек Тәнекеұлы, Бақтыбай Жолбарысұлымен етене араласқан. Ж. 1901 ж. қажылыққа барған сапарында Мекке мен Мәдиненің .....
Рефераттар
Толық