Қазақ тілі | Жергілікті аймақтарда диалект сөздердің қолданылу мәні

Еліміздің әрбір азаматы, ең алдымен, өз халқының тілін білуі керек, сонымен қатар, туған тілінің асыл қазынасының інжу - маржанын тізе білу, өз тілін зерттей отырып, ерекшеліктерін анықтап, дамыта беру – әрбір жас ұрпақтың ізгілікті борышы деп ойлаймын. Сондықтан да, менің зерттеу жұмысымның тақырыбы: «Жергілікті аймақтарда диалект сөздердің қолданылу мәні» Алдымен, диалектология туралы қысқаша мәлімет беріп өтейін.
Тіл білімінің диалектілер мен сөйленістерді (говорларды) зерттейтін саласы - диалектология (диалектос - сөйлеу, сөйленіс, логос - ілім деген грек сөздерінен құралған) деп аталады. Диалектологияның міндеті – жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу. Жергілікті ерекшеліктердің қамтитын аумағы, тілдік материалдың көлеміне қарай диалект, сөйленіс терминдері қолданылады.
Диалект – тілде жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығы.
Сөйленіс – жергілікті диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі.
Мәселен, Қазақстан жерінде диалект 2 - 3 облыс көлеміндей жерді қамтыса, сөйленіс 1 облыс не 2 - 3 аудан көлеміндей жерді қамтиды.
Диалект сөздерді ХХ ғасырдың ІІ жартысыннан бастап зерттеген ғалымдар да бұл жағынан өз еңбектерін жазды. Ғ. Қалиев. Ш. Сарыбаев. «Қазақ диалектологиясы», Ш. Сарыбаев, О. Нақысбеков «Қазақ тілінің аймақтық лексикасы», С. Аманжолов «Вопросы диалектологии и истории казахского языка», Х. Кәрімов «Қазақ диалектологиясы», Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері» Ал, қазақ сөйленістерін бөлек – бөлек зерттеген ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп, кейінірек шыққан Ш. Сарыбаев, Ғ. Қалиевтің «Қазақ диалектологиясы» оқу құралында сөйленістер төмендегідей топтарға жіктелген:.....
Ғылыми жобалар
Толық

Қазақ тілі | Жергілікті аймақтарда диалект сөздердің қолданылу мәні

Кіріспе
Еліміздің әрбір азаматы, ең алдымен, өз халқының тілін білуі керек, сонымен қатар, туған тілінің асыл қазынасының інжу - маржанын тізе білу, өз тілін зерттей отырып, ерекшеліктерін анықтап, дамыта беру – әрбір жас ұрпақтың ізгілікті борышы деп ойлаймын. Сондықтан да, менің зерттеу жұмысымның тақырыбы: «Жергілікті аймақтарда диалект сөздердің қолданылу мәні» Алдымен, диалектология туралы қысқаша мәлімет беріп өтейін.
Тіл білімінің диалектілер мен сөйленістерді (говорларды) зерттейтін саласы - диалектология (диалектос - сөйлеу, сөйленіс, логос - ілім деген грек сөздерінен құралған) деп аталады. Диалектологияның міндеті – жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу. Жергілікті ерекшеліктердің қамтитын аумағы, тілдік материалдың көлеміне қарай диалект, сөйленіс терминдері қолданылады.
Диалект – тілде жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығы.
Сөйленіс – жергілікті диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі.
Мәселен, Қазақстан жерінде диалект 2 - 3 облыс көлеміндей жерді қамтыса, сөйленіс 1 облыс не 2 - 3 аудан көлеміндей жерді қамтиды......
Ғылыми жобалар
Толық