География | Жапониямен танысу

Шығыс Азия жағалауларына жақын маңындағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға жуық аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю, т.б. Жер аумағы 372,2 мың км². Халқы 126,2 млн. Астанасы – Токио. әкімшілігі жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония – бір ұлтты ел. Халқының 99,4 %-і – жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, американдықтар тұрады. Ресми тілі – жапон тілі. Негізгі діңдері – синто және будда діңдері. Жапония – конституциялы монархияны сақтаған ел. 1947 ж. 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император – «мемелекет пен халық бірлігінің көрінісі». Ол парламенттің ұсынысы бойынша премьер-министрді тағайындайды және премьер-министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғарғы соттың төрағасы мен мүшелерін тағайндайды немесе орнынан алады. Конституция бойынша, мемлекет істерге толығымен премьер-министр басқаратын үкімет жауап береді. Жоғары заң шығарушы орган парламент – екі палатадан тұрады. Ұлттық мерекесі 23 желтоқсан. Ақша белгісі – иен [1]. ....
Рефераттар
Толық