Ешкім де ұмытылмайды, еш нәрсе де ұмытылмақ емес

Мен бұл тақырыпты таңдау себебім, осыдан 75 жыл бұрын болған, адамзат тарихындағы ең сұмдық соғысты ұмыту мүмкін емес. Біз Ұлы Жеңісті ұмытпағанымыз секілді, азапқа толы сол бір кезді ұмыту мүмкін бе?! Ол біздің жүрегімізге ұмытылмастай із қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайрымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер – солдаттардың айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтінін белгісі болып қаламақ. Бізді аталарымыз бен бабаларымыздың батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жастары үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, сонымен қатар абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста жеңіске жеткізген болатын. Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. Сол соғысқа қатысқан жауынгерлердің арасында, 96 жауынгер Қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және тағы басқалар. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Соғыс майданы Мәскеуде, Сталинградта, Ленинградта болып жатты. Көрнекті Қазақ ақыны- Жамбыл Жабаев атамыз Ленинградтың ауыр тағдыры туралы «Ленинградтық өренім » өлеңінде:
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенің сүйкімді,
Бұлағымдай көремін, - деп жырлаған болатын Соғыс - күйретуші күш! Барды жоқ ететін, тауды да жер ететін, дәл осы соғыс. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтседе , еш нарсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы – бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,......
Шығармалар
Толық